Бұл туралы Сенат отырысында Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиев мәлім етті.

Қазақстанда соңғы 4 жылда 90-ға жуық әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған
Сурет: esquire.kz

Бас әскери прокурордың орынбасары Мақсат Қазиевтің айтуынша, соңғы төрт жылда әскерде 90-ға жуық суицид жасалған.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бері 270 әскери қызметкер қаза тапқан. 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85 және 2023 жылдың басынан бері – 11 әскери қызметкер қаза болған.

«Ең көп тараған себеп аурудан өлім – 36%, жол-көлік оқиғасы – 24% және өзіне-өзі қол жұмсау – 20%. Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары бәрімізді алаңдатады. Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей әскерилер қоғамда келеңсіз қауіп-қатерге душар болып отыр. Әртүрлі деректер бойынша халық арасындағы суицид көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемнің 20 елінің қатарында, ал жасөспірімдер арасында алғашқы үштікте», — деді Қазиев.

Құқықтық статистика комитетінің нақтырақ ресми деректеріне сүйенсек, 2018-2022 жылдары елімізде 17 631 суицид және 21 332 әрекет тіркелді, яғни 10 мың азаматқа шаққанда 9 суицид және 11 өзін-өзі өлтіруге әрекеттену фактілерінен келеді.

«Оның ішінде 86 суицид және 20 өзін-өзі өлтіру әрекеті армияда, яғни 6 суицид және 10 мың әскери қызметкерге бір әрекет жасау фактісі тіркелді. Сондықтан армияда суицид жиі болады деген қоғамдық пікірді ресми деректер растамайды», — деді ол.

Қарулы Күштердегі адам шығынының көпшілігі ауруға байланысты болса, шабуылдан қайтыс болғандар тек 1% құрады. Қорғаныс министрлігінің бастамасымен мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстар мен тиісті шаралар өткен жылы қолға алынған, деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.

«Бұл бағдарлама 2025 жылға дейінгі барлық спектрді қамтиды. Бұл 2022 жылдың тамыз айында бекітілген «Өмірді күт» арнайы ведомствоаралық бағдарлама. Бұл бағдарлама барлық құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдарды қамтиды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында, Тиісті тәжірибеге негізделген іс-шаралар қамтылады.Бұл әскери полициядағы мақсатты профилактикалық жұмыс. Сонымен қатар бұл мемлекеттік органдардың идеологиялық жұмыстағы өзара тығыз ынтымақтастығы екенін атап өткім келеді», — деп қосты ол.

Поделиться: