Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласы атанды.
«Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Алматы облысының Іле ауданын оның құрамынан Жетіген ауылын бөліп, қайта құру;
- Іле ауданы Жетіген ауылы аудандық маңызы бар қала қатарына жатқызылып, Алатау қаласы болып қайта аталсын.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.