Қазақстанда жаңа жол белгілері бекітілді


Әңгіме ұлттық стандартқа ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр.

Фото: kalesa.kz

Гибридті көліктерді қоспағанда, барлық электр көліктерінде «Электркөлігі» белгісі болуы міндеттеледі.

Негізгі жаңа жол белгілері:

  • жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал апаттардың алдын алу үшін тротуарларға «Электр мотороллермен жүруге тыйым салынады» белгісін орнату жоспарланған;
  • «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;
  • «Жолақтарды параллель жолға ауыстыру»;
  • «Параллельді жолдың соңы».

Сондай-ақ заң жобасында мүгедектер мен тірек-қозғалыс аппараты бұзылған тұлғаларға, сондай-ақ мұндай адамдарды тасымалдайтындарға жол инфрақұрылымының қолжетімділігі қарастырылған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше