XXXIII халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауы аяқталды. «Славян базарының» Гран-приін молдовалық Кэролайн Балан жеңіп алса, бірінші орын жерлесіміз Ерназар Жұбанға бұйырды.
Қатысушылардың өнерін Ресей, Молдова, Мексика, Дания және Болгарияның танымал әншілері мен продюсерлері бағалады. Халықаралық қазылар алқасын әнші, Қазақ КСР халық әртісі Роза Рымбаева басқарды. Байқау қорытындысы шілденің 9-ы мен 15-і аралығында өтетін «Витебсктегі славян базары» ХХХІІІ халықаралық өнер фестивалінің жабылу концертінде жарияланды.
«Осымен барлығы осылай аяқталды! Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім! Еңбек ақталды деп ойлаймын!! Осы 1 - орынымды еліме арнағым келеді!!! Әке шешеме, бауырларыма алғыс айтамын!! Барлық жанкүйерлерге рақметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдарда қолдауларыңды сездім!!! Ұйықтамай күткен жандарға көп рақмет! Жанымда болып қолдау көрсетіп менімен уайымдаған менің продюсеріме, Қазақстаннан келген делегацияға, менің сахналық образымның авторына шексіз рақмет. Қазақстан алға! Армандардан ешқашанда үміт үзбейік!», — деп жазды орындаушы әлеуметтік желіде.