Осы аптада Қазақстанда мұсылмандар үшін ең маңызды діни мерекелердің бірі – Құрбан айт мерекесі тойланады.
Араб тілінен аударғанда Құрбан айт «Құрбан мейрамы» дегенді білдіреді. Бұл күні мұсылмандар төрт түлік малдың бірін (қой, сиыр, қошқар немесе түйені) құрбандыққа шалады.
Құрбан айт ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні тойланады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні ғана демалыс күні болып табылады.
Мерекенің бірінші күні сәрсенбі - 28 маусымға сәйкес келеді. Сәйкесінше, бұл күні барлық қазақстандықтар демалады. Бұл ретте демалыс күнінің ауыстырылуына байланысты сенбі, яғни, бірінші шілде жұмыс күні болады.
Үкімет Елорда күнін мерекелеуге байланысты демалыс күнін шегеруді мақұлдады. 2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 шілде, сенбіден жұма күніне, 7 шілдеге ауыстырылды. Нәтижесінде қазақстандықтар Елорда күніне орай төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде.