Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, олардың 82 пайыздан астамы балалар, көпшілігі екпе алмаған.
Еліміздің барлық облыстарында қызылша ауруы тіркеліп, Шымкент пен Алматыда, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында жоғарылағаны атап өтілді.
Бүгінде елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек бар, 2375 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Бүгінгі күні төсек-орынмен қамтылу 59,5% құрайды, резервте 1 мыңнан астам адам бар. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 30 бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, оның 15-і 1 жасқа дейінгі балалар.
Қызылшаға қарсы жағдайды тұрақтандыру мақсатында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала жоспарлы иммундаумен қамтылды, бұл вакцинацияланатындардың 84%-ын құрайды. Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам баланы қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар, қызылшаға қарсы қосымша 1,5 миллион доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі күні 500 мың доза қабылданып, 1 миллион доза желтоқсан айында жеткізіледі деп күтілуде.