Бүгін Олимпиада орталығында салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Қазақстанның студенттік құрамасы АҚШ-та өтетін ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада өнер көрсетеді.
Сурет: ашық дереккөзден

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай спорттық жарыстың өзі 2023 жылдың 22 қаңтарына дейін жалғасады.

Универсиада, FISU Дүниежүзілік Универсиада ойындары ретінде белгілі, Олимпиада ойындарынан кейінгі ең ірі көп спорттық іс-шара. Қысқы Универсиадаға әлемнің 50 елінен студенттер қатысады.

«Қазақстан намысын 10 спорт түрі бойынша 78 спортшы қорғайды: биатлон, шайбалы хоккей (ерлер), шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, скандинавиялық комбинация, шаңғымен секіру, конькимен жүгіру, сноуборд, тау шаңғысы. Универсиада барысы туралы ақпаратты Ұлттық Олимпиада комитеті көрсетеді, ал Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіледі», — деді баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы 2017 жылы Универсиадада үздік нәтиже көрсеткен еді. Қазақстандықтар 11 алтын, 8 күміс және 17 қола (барлығы 36) медаль жеңіп алып, екінші орынды иеленген. Биыл да сондай жақсы нәтижелер күтілуде.

Поделиться: