Қызылорда облысында балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сүт өнімдері берілген.
Прокурорлық тексеру барысында басқа оқу орындарында да кемшіліктер анықталды. Мәселен, Сырдария ауданында аспаздар сертификатсыз жұмыс істеген. Облыс орталығындағы бес мектептің медбикелерінің де қажетті құжаттары болмаған. Өткен жылы медициналық пункттердің жеткіліксіздігінен бір жарым мыңға жуық мектеп оқушысы міндетті медициналық тексеруден өтпеді.
"Осы фактілердің барлығы бойынша тиісті актілер шығарылды. Жалған дипломға қатысты жағдай бойынша тексеру жүргізілді. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында білім беру нысандарын жалпы тексерудің қорытындысы қаралды. Білім саласындағы мұндай заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жол картасы қабылданады", - деді облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев.
Сондай-ақ, мектеп басшылары 50 қызметкерді конкурссыз жұмысқа алған, олардың көбі жалған дипломмен.