Аптап ыстық Меккеге қажылыққа барған миллиондаған мұсылмандар үшін ауыр сынақ болды.

Қажылық сапар кезінде 1300-ден астам адам қаза тапты
Фото: pexels

Сауд Арабиясында қажылық кезінде аптап ыстықтан 1300-ден астам қажы қаза тапты. Бұл сандарды патшалық билігі келтіріп, өлімнің ең көп тараған себебі сусыздану және физикалық шаршау екенін атап өтті.

Жыл сайын миллиондаған мұсылмандар Меккенің қасиетті жерлеріне ағылады. Биыл мұнда ауа температурасы өте жоғары – кей күндері термометр плюс 45 градусқа дейін көтерілді.

Елдің денсаулық сақтау министрі Абдель Рахман әл-Джаладел қайтыс болғандардың көпшілігінде (83%) қажылық визасы жоқ, яғни ресми түрде тіркелмеген деп мәлімдеді. Бұл аптап ыстық күннен қорғанатын уақытша баспана және кондиционерге қол жетімділік жоқ дегенді білдіреді.

Ведомство басшысының айтуынша, 95 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың кейбірі ел астанасы Эр-Риядқа емделуге жөнелтілді. Жалпы, құзырлы органдардың мәліметінше, зардап шеккен 465 мың қажыға медициналық көмек көрсетілді.

Ааль-Джалажелдің айтуынша, қажылардың көпшілігінің құжаттары болмағандықтан, сәйкестендіру процесі қиындайды. Ол марқұмдардың Меккеде жерленгенін нақтылады. Ел билігінің мәліметінше, биыл аптап ыстықтан зардап шеккендердің саны өте көп.

Поделиться: