Заң бұзушылықты облыстық прокуратура анықтады.

Бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған азамат балабақшада жұмыс істеген
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында ауыр қылмысы үшін сотталған Қазақстан азаматтары балабақшалар мен мектептерде жұмыс істеген.

Заң бұзушылықты облыстық прокуратура анықтады. Қадағалау органының баспасөз қызметі кісі өлтірген сотталғанның балабақшалардың бірінде бес жылдай жұмыс істегенін айтты.

Бірнеше оқу орындарында еңбек заңнамасымен тікелей тыйым салынған ұрып-соғу фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер анықталды, деп атап өтті прокуратура.

Олардың барлығы жұмыстан шығарылды. Басшылар жазаланды.

Поделиться: