Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ойынханада түсіп қалған суреттеріне қатысты пікір білдірді.
Мәжілісмен Facebook парақшасында шынымен де суреттерде өзінің бар екенін растады, бірақ суреттер Бақытжан Базарбек депутат болмай тұрып түсірілген.
“Бұл сурет менің Мәжіліс депутаты болып сайланар алдында, дәлірек айтсақ, 2022 жылы 24 желтоқсанда Конаев қаласындағы Bellagio казиносында жұбайым екеуміз концертке келген күні, 7 ай бұрын түсірілген. Егер сіз фотодан байқасаңыз, фонда шырша тұр және мен қысқы жемпір киіп жүрмін. Достар, мен ойыншы емеспін, мен ешқашан казинода ойнаған емеспін және тәуелді емеспін», - деп жазды ол.
Депутат Парламент Мәжілісіне дейін жер мәселесі бойынша кәсіби коммерциялық заңгер болғанын және өмірінде мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін баса айтты.
Құмар ойын бизнесіне келетін болсақ, Бақытжан Базарбек оған толық тыйым салуды жақтаймын деп сендірді.
"Ойын бизнесіне тыйым салуға бірінші болып дауыс беремін, бірінші болып петицияға қол қоямын, құмар ойындарға тәуелділікпен күресемін», - деп түйіндеді ол.