«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов қазанда КХЛ-дың үздік қақпашысы деп танылды
Қазақстандық хоккейші Андрей Шутов карьерамында алғаш рет Континенталдық хоккей лигасында айдың үздік қақпашысы атанды
Қазанда астаналық «Барыстың» 28 жастағы қақпашысы жеті матч өткізді, соның бесеуінде командаға жеңіс әкелуге көмектесті. Осы уақыт ішінде оның қақпасына 221 соққы бағытталып, соның 94,57%-ын тойтарды. Сенімділік коэффициенті бір ойынға орта есеппен 1,7 жіберілген шайба болды.
Шутов үшін әсіресе новосібірлік «Сибирьге» және минскілік «Динамоға» қарсы кездесулер сәтті өтті. Екі матч та «Барыстың» пайдасына 1:0 есебімен аяқталып, қақпашы қақпасын құрғақ сақтап қалды. Мәскеулік «Спартакпен» қарсы ойында да ол астаналық клубқа буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.
Шутов КХЛ-де клубтың тарихы бойы айдың үздік қақпашысы атанған «Барыс» өкілдерінің ішінде бар-жоғы екіншісі болды. Бұған дейін бұл марапатты 2018 жылдың желтоқсанында швед Хенрик Карлссон алған.
Қазан қорытындысы бойынша лига сондай-ақ «Северсталь» қорғаушысы Иоаннис Калдисті, «Металлург» шабуылшысы Нэйтан Тоддты және «Салават Юлаевтың» дебютанты Максим Загребинді атап өтті.