Батискаф трагедиясы: "Титаникке" туристік сапарлар жалғаспақ


Титаниктің қирандыларына туристік сапарлар «Титан» сүңгуіріндегі соңғы қайғылы оқиғаға қарамастан жалғасады.

Oceangate expeditions бейнежазбасынан үзінді

Тарихи лайнердің қирандыларына 8 рет экспедиция жасаған RMS Titanic, Inc компаниясының президенті Джессика Сандерс марқұмдардың бірі - су асты зерттеушісі Пол-Анри Наржолетті өзі жеке танитын. Джессиканың айтуынша, марқұм ғалым тірі болса, Титаник құлаған жерге туризмнің жалғасуын қалар еді дейді.

Сандерстің пікірінше, «экспедицияға бару мүмкіндігі санаулы адамдарға ғана қолжетімді болмауы керек».

"Бұл жағдай өте қиын, себебі оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Бірақ менің ойымша, ол жаққа баруға мүлдем тыйым салу қате шешім болады. Бұл мен қатты құрметтейтін адамның сеніміне қайшы болар еді", - деп қосты ғалымның досы.

«Артефактілерді тек миллионерлер, миллиардерлер, әскери адамдар немесе директорлар ғана емес, барлығы көре алуы керек», - деді Джессика Сандерс.

Сандерс сонымен қатар "Титан" суастыкемесінің жарылуы Титаниктің сынықтарына зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті:

"Олар туристік сапарды енді бастаған кезде осындай жағдайдың ешқашан қайтіп орын алмауын қадағалау керек. Соңғы екі жылда көптеген экспедициялар болды. Туристік сапарлар кеменің қалдықтарына зиян тигізбегенін айтады, бірақ біз бұған көз жеткізуіміз керек», - деді ол New York Post басылымына.

RMS Titanic басшысы тарихи кеменің апатқа ұшыраған жеріне бару «мұражайға бару» сияқты, адамдар айналасындағылардың бәріне құрметпен қарауы керек деп қосты.

«Титан» сүңгуір қайығы «апаттық жарылысқа» ұшыраған болуы мүмкін және Титаниктің тұмсығынан шамамен 500 метр қашықтықта қоқыс шоғырланған алаң табылды.

Апат орнынан бұл қашықтық жолаушылар лайнерінің зерттеу астындағы жарылыстан соқтығысуы екіталай дегенді білдіреді, бірақ бұл әлі нақты расталған жоқ.

"Тағы да айтамыз, бізде "Titan" су асты кемесі апат болған жермен байланыста болды деп айтуға негіз жоқ. Тергеу жалғасуда", - деп түйіндеді Сандерс.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше