Бауыржан Момышұлы

Ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік және ұлттық рух туралы даналық ойлар. Шешім қабылдау, мәдениет, ар-ұят және шындық - өмірдегі маңызды құндылықтар.


Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы

Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

Пенденің пендеден айырмашылығы — адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!

Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі — жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің.

Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.

Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.

Өтірік — ақырында тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у.

Өзін-өзі сақтау инстинктінің екі жағы бар: ол қорқақтықты да тудыруы ықтимал, бірақ көпшілік жағдайда ол ерлікті тудырады.

Мәдениетті болу — қаздиып, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес, мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып, үлде мен үлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды. Өйткені тегі солай.

Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық өлімнен жаман — нағыз солдаттың ар-ұяты кез келген сыртқы мәжбүр етуден де қатал.

Қызғаныштың үш түрі бар: жеке бастың қызғаншы, ұлттық қызғаныш сезімі және Отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі.

Біздің жерімізде еркек — діңгек, әйел — гүл. Діңгек — жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел — құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Қатал соғыстағы адамдар — шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері — ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған.

Бүгінгі іс-әрекетіміздің сәтсіздік тәжірибесі, ертеңгі күнгі сәтті ісіміздің хабаршысы болуға тиіс.

Шындық — парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шыңдауға, өз парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады.

Сөнген отты қайта жағуға болады, сөнген махаббатты қайта жағуға болмайды.

Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.

Өз міндетін ойлы көзбен қарау — командир қызметінің творчестволық негізі.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше