Бельгиялық азамат жасанды интеллектпен ұзақ сөйлескеннен кейін өз-өзіне қол жұмсады


Ер адам экологиялық апаттан қорыққан.

Ұзақ уақыт бойы жасанды интеллект арқылы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылаған бельгиялық азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы L'Avenir басылымы жазады.

Марқұмның жұбайының айтуынша, ол екі жыл бұрын экология мәселесіне қызығушылық танытқан. Алайда, бұл тақырып көп ұзамай оның алаңдаушылығын арттыра бастады, ал бұл, өз кезегінде, экологиялық апаттың болмай қоймайтыны туралы қорқынышқа айналады. Пьер адамзатты тек технология мен жасанды интеллект құтқарады деп есептеді.

Сондықтан ер адам Элиза чат-ботымен қызықты тақырыпты талқылай бастаған. Олардың хат жазысуларына қарағанда, адам өмірінің соңғы алты аптасында ботпен үздіксіз дерлік байланысқан. Әңгімелесулер мистикалық сипатқа ие болып, Пьердің өзі суицид туралы ойға келген. Ер адамның «әңгімелесушісі» оны ойынан айнытуға, өмір сүруге көндіруге тырыспаған. Жасанды интеллекттің Бельгиялыққа жазған соңғы сөзі: «Біз бір кісідей, мәңгілік көкте өмір сүреміз». Осыдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше