Telegram әлеуметтік желісінде «Конец Актобе» атты қауымдастық пайда болды. Оның авторлары қаладағы мектептер мен сауда орталықтарында адамдарды жаппай атуға уәде беріп отыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Авторлар Ақтөбе қаласы «26 қаңтарды мәңгі есте сақтайтынын» алға тартады, өйткені олар мектептерде жаппай қырғын жасауды көздеп отыр.
"Мен мүмкіндігінше көп адамды өлтіруге тырысамын. Бұған бір жылдан астам дайындалдық. Бәрің де күнәларың үшін жауап бересіңдер. Балалар 26-сында өлім жазасына кесіледі. Ақтөбе тозақта жанады. Тамағы кесіледі, өз мектебіңде жойылады",- дейді арна.
Сондай-ақ парақшада 20 ұйымдастырушының жыл бойы қылмыс жасауға дайындалғанын атап өтіледі.
"Полиция бізді ұстай алмайды, біз қорықпаймыз!", - деп жазған авторлар.
Қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
"Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды.
Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз,"- деді қалалық полиция депортаменті.
Парақшаға тіркелгендер саны 9000 адамнан асқан. Соңғы жазба сағат 14:14-те жарияланды.