Судья Қазақстан тарихындағы ең атышулы іс бойынша үкім шығарды.

Бишімбаевқа үкім шықты
Дереккөз

Бүгін Астана сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкім шықты. Сотталушының екеуі де Нүкенованы азаптап, аса қатыгездікпен қасақана өлтірді, Байжанов — қылмысты жасырды деп танылды.

Алқабилер сотының үкімі:

Бишімбаев қылмыстардың жиынтығы бойынша 24 жылға бас бостандығынан айырылды;

Байжановқа 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру (ҚК 55-бабының 2-бөлігі ескеріліп) жазасы тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, атап айтқанда, Бишімбаевтан сот сараптамасын жүргізгені үшін мемлекет пайдасына 2 306 382 теңге, Байжановтан 3 324 теңге өндірілмек.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейне материалдарымен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Экс-Ұлттық экономика министрі жазасын қатаң режимдегі мекемеде, Байжанов орташа режимдегі түрмеде өтейтін болды. Олар 15 күн ішінде үкімге шағымдана алады.

Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысты ескере отырып шешті. Бүгін таңертең судья Айжан Құлбаева сотталушыларға қатысты шешім шығару үшін алқабилерге сұрақтар жариялады.

Судья Бишімбаевтың сот үкіміне қатысты сұрақтары бар ма деген сұрағына ол жоқ деп жауап берді.

Байжанов: «Мен неге 4 жыл алып жатырмын?» деп сұрады.

Прокурор Айжан Аймағанова журналистерге Бишімбаевты тек жәбірленуші тараптың келісімімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға болатынын айтты.

Поделиться: