Бишімбаевтың туыстары Антикорға хабарласты


Елорда тұрғыны Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп танылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетеміз деген желеумен алдап, 100 миллион теңгені жымқырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Антикор баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ҚР Қарулы Күштерінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаев-тың туыстарының арызы бойынша елорда тұрғыны «Г-ға» қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенді, яғни Бишімбаев-тың жазасын жеңілдетеміз деген желеумен алдап 100 миллион теңгені алды деген күдікке ілінді.

Антикор күдіктінің әрекеті де аса ірі көлемде пара беруге итермелеу ретінде сараланғанын хабарлады. Оның қылмыстық әрекеттерінің басқа эпизодтары тексерілуде.

"Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда",- деп қосты департамент.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше