Денсаулық сақтау министрлігі: "Егде жастағы адамдарға қайта вакцинациялауды ұсынамыз"


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ДДСҰ хабарлаған коронавирус ауруының артуына байланысты қазақстандықтар қайтадан бетперде киюге мәжбүр бола ма деген сұраққа жауап берді.

Сурет ашық дереккөзден

Министр коронавирус инфекциясы жыл бойы және ай сайын тіркелетінін түсіндірді. Негізгі аурулары бар адамдар, негізінен егде жастағы адамдар ауыр сырқаттанып, ауруханаларға жатқызылады.

«Тәуекел тобына – созылмалы аурулары бар науқастарға, әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарға, сондай-ақ, егде жастағы адамдарға қайта вакцинациялауды ұсынамыз. Өткен жылы 350 мың адамға егілді, ал биылғы жылы біз 350 мың адамды вакцинациялауды жоспарлап отырмыз», - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі бетперде киюге міндетті талап енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Бүгінгі күні бұл тек ұсыныс екенін айтты.

"ЖРВИ маусымы басталғандықтан, қазаннан мамырдың аяғына дейін бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бетперде кию және осы аурулардың алдын алу ұсынылады, ал медициналық ұйымдарда маска режимі міндетті болып табылады", - деді министр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 ауруының жалғасуына байланысты бетперде киюге шақырды. Бұл туралы 2024 жылдың 5 қаңтарында ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс мәлімдеді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше