Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды


Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеруді ұсынды. Оның басқа әріптестері бұл пікірмен мүлдем келіспейді.

Фото: ашық дереккөзден

Депутаттың айтуынша, қазір нан арзан болғандықтан дастарханның негізгі өнімі қоқыс жәшігіне тасталуда. Сондықтан бағасы 500 теңге болуы керек. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың негізгі тетігі бағаны өсіру екенін атап өтті.

Дөненбаевтың басқа әріптестері бұл пікірмен үзілді-кесілді келіспейді. Мәслихат депутаты Бақытжан Қалымбетовтың айтуынша, субсидияланатын өңір үшін қазірдің өзінде 120 теңгенің құны ауыр. Тағы бір халық өкілі Жұмахан Тәнікебаев та нан бағасының қымбаттауына қарсы шықты.

"Нан бағасын 500 теңгеге дейін көтерудің қажеті жоқ. Түптеп келгенде бұл қарапайым халыққа үлкен қиындықтар туғызады. 2 балалы үйге бұл оңай болуы мүмкін. Бірақ 5-6 бала тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылар үшін бұл қиын болады. Бұл отбасылық бюджетке ауыр тиеді», - дейді Жұмахан Тынкебаев.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше