Шығысқазақстандық депутаттар заңнамалық деңгейде кадрлардың «ағылып кетуіне» жол бермеуді ұсынып отыр. Бастаманы халық өкілі Фарид Әбітаев көтерді.
Бүгінге дейін арнайы бағдарламалар аясында және мемлекет есебінен оқудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен 960 шығысқазақстандық шетелге кеткен. Яғни, мемлекет олардың білім алуына қаржы бөлді, бұл адамдар өз мамандығы бойынша жоғары дәреже алып, кетіп қалды. Шын мәнінде, біздің зияткерлік меншік жоғалып жатыр, мидың ағылуы орын алуда.
Әбітаев мемлекет есебінен оқу кезінде адам не елде белгілі бір уақыт жұмыс істеуі, не кеткісі келсе, оқуына жұмсалған ақшасын қайтару керектігін заңмен бекіту керектігін баса айтты. Бұндай заң өңірде түлектердің кетуі мәселесін шешіп, жаңа сұранысқа ие мамандықтар ашылуына ықпал ететінін айтты. Бірақ қазір бұл мәселе жоғары деңгейде – елге пайдасы тиетін білікті мамандар шет елге кетіп жатыр. Ал мұны болдырмау үшін заңнамалық механизм қажет.
Фарид Әбітаевтың идеясын Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының басқа депутаттары да қолдады.