Әр оқырманның өз талғамы бар және оқитын кітаптарының тізімі де әдетте әртүрлі. Соңғы уақытта танымал әлемдік туындылар қазақ тілінде көптеп жарық көруде. Сіз оқуға тұрарлық 5 жаңа кітаптардың тізімін назарыңызға ұсынамыз.

Дертіңе дауа тап! Қазақ тілінде жарық көрген 5 жаңа кітап
Фото: pixabay

1. «Дертіңе дауа тап», Луиза Хей

Бұл кітап — дертіне дауа іздеп, жан мен тән саулығын сақтағысы келетін жандарға таптырмас құрал. Таптаурын ойлаудан арылу арқылы жазылмас дертінен айыққан автордың тырнақалды туындысы әлемнің 30-ға жуық тіліне аударылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл еңбекте адам жанын жылы сөзбен, дертке дәру дарытар таңғажайып құдіретке ие сүйіспеншілікпен емдеу әдістері қарастырылып, шипалы аффирмациялар берілген. Оқырман қауым Луиза Хейдің ой-толғамдарын көңілге тоқып, өткен шақтың өкінішін арқалап жүрмей, өмірін жарқын жаққа өзгертер деген ниетпен қазақ тілінде ұсынып отырмыз.

Дертіңе дауа тап! Қазақ тілінде жарық көрген 5 жаңа кітап

Жазушы және қоғам қайраткері Луиза Хэй өмірінде көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Бірақ ол өзін жеңіп, емдеудің басқа әдістерін үйренді. Луизаның өмірбаяны мен кітаптарының арқасында миллиондаған оқырмандар армандарын қалай жүзеге асыру керектігін түсінді. Жеке мысал келтіре отырып, әйел өзін-өзі күту және позитивті ойлау сізге қартайғанша өмір сүруге көмектесетінін дәлелдеді.

2. «Шахмат новелласы», Стефан Цвейг

Дертіңе дауа тап! Қазақ тілінде жарық көрген 5 жаңа кітап

Шахмат новелласы — әйгілі аустриялық жазушы Стефан Цвейгтің соңғы және ең танымал шығармаларының бірі. Оқиға 1939 жылы Буенос Айрестен Нью Йоркке бағыт алған кеме ішінде болады. Саяхатшылар кеме бортында өздерімен бірге Әлем чемпионы Мирко Чентовичтің де келе жатқанын естиді. Олар Чентовичке қарсы күш сынап көрмекші болады. Алайда бәрі де жеңіліске ұшырайды. Бір кезде жұмбақ жолаушы ойынға араласады. Осы сәттен бастап ситуация басқаша өрбиді. Шығармада шахмат шеберлерінің өзара тартысы шебер суреттелген.

3. «Сені сүйетін біреу бар», Өмер Севинчгүл

Дертіңе дауа тап! Қазақ тілінде жарық көрген 5 жаңа кітап

Бұл — әлеуметтік желіде танысып, ойы мен жан дүниесі үндестік тапқан екі жасөспірім туралы шығарма. Жас адамды еліктірмей қоймайтын қызылды-жасылды өмірдің ортасында жүрсе де, жалғыздықтың ащы мұңын сезініп үлгерген, іштегі шырмауықтай шырмалған ойы мен сұрақтарына жауап іздеген жас қыз; оған әлемнің екінші бір нүктесінде отырып хат арқылы үн қатқан екінші жан. Бұрын еш уақытта жүздеспеген екі жанның ортақ қызығушылығы мен өмір туралы толғаныс- тарына тәнті боласыз. Шығарма өмірде сені де түсінетін, жақсы көретін кем дегенде бір адамның бар екеніне сендіріп, үміт сыйлайды.
Бұл кітап жасөспірімдерге және жалпы өмірде өз орнын тапқысы келетін барша оқырманға арналады.

4. «Пигмалион», Джордж Бернард Шоу

Дертіңе дауа тап! Қазақ тілінде жарық көрген 5 жаңа кітап

Джордж Бернард Шоу — ХХ ғасырдағы әлемдік театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ағылшын халқының атақты драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты. Оның шы- ғармашылық мұрасында елуден астам пьеса бар. 1912 жылы жарық көрген бес перделі Пигмалион пьесасы комедия жанрына жатады. Автор шығарманың атауын ежелгі Грекияда мәрмәр тастан қыз мүсінін жасап, оған ғашық болып қалған шебер Пигмалион туралы аңыздан алған.

5. «Афоризм – адамзаттың ақыл-ой қазынасы», Сырымбетұлы Бекмырза

Дертіңе дауа тап! Қазақ тілінде жарық көрген 5 жаңа кітап

«Уақытты үнемдегіңіз келсе, афоризм оқыңыз», «Қысқа қайырып айтқан, күшті айтылған ойлар өмірді жақсартуға көп септігін тигізеді», «Афоризм — шұбатылған ойлардың соңғы тұрағы». Міне, даналық сөздер мен афоризмдер туралы осылай тізбектеп айта беруге болады. Оқырманға ұсынылып отырған бұл жинақта әлемге танымал тұлғалар мен қазіргі заманғы қайраткерлердің, әдебиетшілердің, ойшылдардың және тағы басқалардың ұлағаттары мен бір қайырып айтқан сөздері топтастырылған. Жинақ 150-ден астам тақырыпты құрайды және бір жарым мың автордың бес мыңға жуық афоризмдері мен ұлағатты сөздері қамтылған. Жинақ барша оқырманға арналған.

Дереккөз: flip.kz, meloman.kz

Поделиться: