Димаш Құдайберген соғыс туралы: «Бұл қарғыс атқыр ақша не үшін керек?»


Димаш Құдайберген соғыс туралы айтып, оның зардабын тартып, аштықтан зардап шеккен балаларға жаны ашитыны туралы жазбасымен бөлісті.

"Кейде отырып, өмірді ойлау керек. Бүгін өз бөлмемде отырып, халқымыздың болашағы, отбасымыздың болашағы туралы көп ойладым. Қай жерде не болып жатқаны туралы көптеген бейнероликтер көрдім. Соғыс балалары жерден нан үгіндісін жинап, одан сорпа пісіруде...нан мен цементтің дәмі бар сорпа... Мен бұл видеоны тойып алған соң көрдім. Бәріне көмектесе алмайтының ұят», - деп жазды Димаш.

Өмірде неге бұлай болады?

"Неге көптеген адамдар өмірінің ең жақсы жылдарында аштықтан зардап шегеді. Неліктен адамдар соғыстарға миллиардтаған ақша жұмсайды, ал бұл ақша әлемдегі миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға жететін еді. Бұл қарғыс атқан ақша сізге не үшін керек? Бұл миллиардтар бәрібір о дүниеде керек болмайды, біздің ұрпақ соғыстан зардап шекпейтін күнді ешқашан көрмейтін шығар», - деп түйіндеді Димаш.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше