Танымал қазақстандық әртіс тапқан ақшасының бір бөлігін жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирия халқына көмек ретінде бермекші. Бұл туралы әнші Instagram желісінде жазды.

Димаш қаза болғандардың барлық туыстарына көңіл айтты. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді және күш-қуат тіледі.

«Мен концерттік билеттерді сатудан түскен ақшаның бір бөлігі табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде берілетінін айтқым келеді», — деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.

Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. 12 ақпан, жексенбі күні күн батқанға дейін елдегі тулар мен елдің шетелдегі өкілдіктері жартылай желбіреді.

Жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін Алматыдан Түркияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жасағы аттанды.

Поделиться: