Әнші Дженнифер Лопес пен актер Бен Аффлек айырылысқаннан күнен бес ай өткен ресми түрде ажырасты. Бұл туралы TMZ хабарлады.
Ерлі-зайыптылардың ажырасудан кейінгі қаржылық жай-күйі көпшілікке айтылмаса да, жұлдыздар бір-біріне алимент төлемейтіні белгілі. Бұрынғы ерлі-зайыптылар екі жылға созылған некеде тапқан табысын, дүние-мүлкін бөлмейтіні айтылды.
Сонымен қатар, Лопес Аффлектің фамилиясынан бас тартып, үйлену тойына дейін болған өзінің тегіне қайта оралады - Дженнифер Линн Лопес.
55 жастағы Лопес ажырасуға 2024 жылдың тамызында - Джорджиядағы Бендің үйінде өткен атақты үйлену тойынан тура екі жыл өткен соң арыз берді. Құжаттарда ол ерлі-зайыптылардың сәуір айында қарым-қатынасын үзгенін көрсетіп, ажырасу себебі ретінде бітіспес келіспеушіліктерді атады.