7 сәуірде жекпе-жек шебері, режиссер, продюсер Джеки Чан 70 жасқа толды. Келесі күні, 8 сәуірде ол Instagram парақшасында суреттері мен көлемді жазбасын жариялады. Бұл жарияланымды 1 миллионнан астам қолданушы ұнатты.
"Бүгінге дейін көптеген достар маған: «Джеки, бұл сенің 70 жасқа толған туған күнің!» - деп еске салды. Бұл санды естіген сайын менің жүрегім бір секундқа тоқтап қалғандай болады. Мен қазірдің өзінде 70-темін бе? Содан кейін менің есіме үлкен ағам Саммо Хунгтің мына бір сөздері түседі: «Қартаю - бақыт. Әсіресе, біз каскадерлер қартаю бақытына ие болғанымызды білмейміз"",- деп жазды Джеки Чан.
Сондай-ақ, күннің кейіпкері жақында оның әріптестері компанияның мәліметтер базасын сұрыптап, көптеген ескі фотосуреттерді тапқанын айтты. Олардың көпшілігін Джеки Чан әлеуметтік желілерде бөлісті.
"Жақында көптеген достарым интернеттен менің соңғы фотоларымды көріп, менің денсаулығыма алаңдады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлығына хабарлағым келеді, уайымдамаңыздар! Бұл менің соңғы фильмімдегі кейіпкердің көрінісі ғана. Кейіпкер менің шашымның ақ, сақалының ақ болуын, кәрі көрінуімді талап етеді. Қиын трюк немесе кейіпкер үшін серпінді өзгеріс керек болса, мен фильм үшін жаңа нәрселерді сынап көруге дайынмын. Менің ойын-сауық бизнесінде жүргеніме 62 жыл болды және мен әр сәтті бағалаймын. Әлі күнге бұл салада жүргеніме қуаныштымын.
Жақында достарым менің фотомұрағатымды ақтарып, көптеген есте қалатын суреттерді тауыпты. Мен осы хабарламаны жариялау үшін бірнеше суреттерді таңдадым. Бұл фотоларды қарап отырып, көптеген қызықты естеліктер қайта оралды. Мен фильм түсіруді жақсы көремін және бәріңізді жақсы көремін деп айта аламын", - деді актер.
Жарияланым соңында күннің кейіпкері жылы лебіздерін қалдырып, құттықтаулары үшін барлығына алғысын білдірді.
Барлықтарыңызға туған күніңізбен құттықтауларыңызға үлкен рахмет. Баршаңыз бақытты және сау боласыздар деп үміттенемін!", - деп бөлісті актер.