Джорджо Армани

Итальяндық модельер, Giorgio Armani брендінің негізін қалаушы. 2025 жылғы 4 қыркүйекте 91 жасында қайтыс болды.


Сурет көзі: shutterstock.com
Сурет көзі: shutterstock.com

Жеке өз басым, контрафакт – жаман емес деп есептеймін, өйткені олардың болуы біз адамдар көшіргісі келетін дүниені жасап жатқанымызды көрсетеді.a0

Адам өз ісіне шын берілсе, жай ғана үрдісті қуғандардан гөрі болашақ ұрпақ алдында табысқа жету ықтималдығы жоғары болады.a0

Сіз ойлағаннан көп білесіз, және білгеніңізден де көп нәрсеге қабілеттісіз. 1985 жылы бизнес-серіктесім қайтыс болғанда, кейбіреулер фирманы жабамын деп ойлады. Оның орнына мен ол істеген істі үйрендім. Ішкі күшіңізді ешқашан менсінбей қарамаңыз.a0

Мен әрдайым шамадан тыс жауапты болдым. Басқаша өмір сүруді білмеймін.a0

Шабыттың жалғыз көзі жоқ. Нағыз қайнар – менің дүниетанымым, өмірде ұстанатын қағидаларым.a0

Киімді таңдауда шектен тыс тыраштанудың қажеті жоқ: ең стильді адамдар өз келбеттеріне титтей де күш жұмсамағандай көрінеді. Ақыр соңында стиль – өзін-өзі білдіру, әрі өз-өзіне шынайы адамда ештеңе шын мәнінде сұмдық көрінбейді деп ойлаймын.a0

Айрықша дүние жасау үшін, ойыңыз үнемі ең ұсақ-түйекке дейін шоғырлануы тиіс.a0

Жақсы таңдалған хош иіс сіздің айрықша белгіңізге айнала алады. Бөлмеге кіргенде адамдар алдымен соны сезеді, ал шыққанда ең соңынан өшетін де – сол.a0

Жеңіс төзімділерге бұйырады. Бұл жеңу үшін қандай да бір қағида, тірек керек деген сөз, соның негізінде әрекет етесің.a0

Мен мода жасамаймын, мен адамдарды киіндіремін.a0

Айтады, мен өз жасымнан 20 жасқа жас көрінемін; құпиям қандай деп сұрайды. Жартылай бұл – тұқымқуалаушылық. Анам 90 жасында қайтыс болды, бірақ сол кезде 65-тегі адамдай көрінетін. Мен де солай болармын деп үміттенемін. Бірақ мұнда өзін-өзі тәртіпке салу да бар: тым кеш жатпаңыз, шамадан тыс ішімдік ішпеңіз, шылым шекпеңіз. Сондай-ақ өзіңізді түсініп, ішкі «меніңізбен» дұрыс қарым-қатынас жасаңыз.a0

Маған мұрагер туралы сұрақты кемі соңғы 15 жыл бойы қоя берді. Сұрақ үнемі бірдей, міне жауабы: мен осында тұрғанда – бастық менмін.a0

Мен дизайн үшін дизайнға ешқашан сенген емеспін. Мен үшін ең бастысы – адамдардың шынымен менің киімімді кие алуы.a0

Сіз күмәндана білуіңіз керек. Мен бірге жұмыс істейтін қызметкерлерім бар. Әуелі оларды тыңдаймын, сосын шешім қабылдаймын.a0

Бедел – кісен секілді. Мені минималист деп есептейді, ал мен басқаша бірдеңе жасасам, адамдар наразы болады. Одан да олар болжап көре берсін.a0

Ескеретін нәрсе тым көп – сіздің амбицияңыз, эгоңыз, баспасөз, тұтынушылар. Қайтадан шыңға шығатыныңызға ешқашан кәміл сенімді бола алмайсыз.

Нағыз сән-салтанат – ойыңды ашық айту.a0

Қоғамдық сөйлеген сөздерінен

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше