Қазақстандық спортшы өсіп келе жатқан теннис жұлдызын жеңді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігін сәтті бастады.
Рыбакина бірінші айналымда чех Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Айта кетейік, ол 16 жастағы өсіп келе жатқан теннис жұлдызын жеңді. Бұл жеңісі үшін Елена 69 000 еуро (33 миллион теңге) табыс тапты.
Рыбакинаның келесі қарсыласы Чехияның тағы бір өкілі – Линда Носкова болмақ.
Ролан Гарростың биылғы жеңімпазы 2 300 000 еуро (1,1 миллиард теңге) алып, 2 000 рейтингтік ұпайға ие болады.