Енді Алматыдағы кәсіпорындар «құқықтардың бұзылғаны» туралы QR код арқылы хабарлай алады


Алматыда кәсіпкерлердің құқығын қорғаудың цифрлық қызметі енгізілді, деп хабарлайды esquire.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет ашық дереккөзден

Бизнесмендер енді мобильді топпен өте оңай байланыса алады. Смартфонды QR кодқа бағыттасаңыз болғаны. Бұл сервисті кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Алматы қаласының прокуратурасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әзірлеген.

«Смартфон камерасын QR-кодқа бағыттау арқылы кәсіпкерлік саласындағы заң бұзушылықтар туралы прокуратураға сигнал жіберуге болады. Жылдам әрекет ету үшін мобильді топқа сигналдар дереу жіберіледі, бұл кәсіпкерлерге бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Процесті цифрландыру кәсіпкерлік субъектілерінің уақытын үнемдейді және олардың құқықтарының бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ведомство.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше