Ішкі істер министрлігі әзірге орнатудың нақты мерзімін жариялаған жоқ, бұл бастама автобус парктерімен талқылануда.
Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбеков автобустарға қауіп төнген кезде дүрбелең қағатын түймелердің орнатылуын әкімдіктер қадағалайтынын айтты.
13 қаңтарда полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобустарды бейнебақылау камераларымен және дүрбелең түймелермен жабдықтауды ұсынғаны хабарланды.
«Бұған дейін қоғамдық көліктердегі тәртіп ұзақ уақыт бойы полицияның назарынан тыс қалды. Алматыда болған оқиғаларға байланысты арнайы профилактикалық іс-шара ұйымдастырдық. Оны ұйымдастырмас бұрын алдымен жолаушы тасымалдайтын көлік компанияларының басшыларын жинадық. Біз олармен нақты қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оның ішінде жүргізушілерге қатысты мәселелерді талқыладық», - деп түсіндірді Сұлтанбеков.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір әртүрлі қалаларда 38 дүрбелең түймесі орнатылған. 2023 жылы олар арқылы 250 мың хабарлама келіп түскен.
Ірі автобазалардың бірі бізге бұл ұсынысты естігендерін айтты, бірақ әлі нақты қадамдар жасалған жоқ.