Бухарестте ауа көлеңкенің өзінде 40 градусқа дейін қызады. Көптеген ұйымдар қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартады немесе үзілістерді көбейтеді.
«Асханада ауа температурасы 50 градус0а дейін жетуі мүмкін. Бірақ бізде бәрі жақсы, біз кезектесіп жұмыс істейміз. Біз бұл ыстыққа төтеп бере аламыз», - дейді аспаз Юстиан Манеа.
Қаладағы жедел жәрдем шақыруларының көбі ыстықтан денсаулығы нашарлаған адамдармен байланысты. Бір күннің өзінде 1300-ден астам адам осы себепті дәрігерлерге жүгінген. Жедел жәрдем бригадаларының өздеріне де оңай емес.
«Бақытымызға орай, кондиционері жоқ жедел жәрдем көліктері аз, ал ыстық ауа-райында біз оларды пайдаланбауға тырысамыз», - дейді жедел жәрдем дәрігері Кристиан Грасу.
Метеорологтардың хабарлауынша, Бухаресттегі қатты аптап ыстық кем дегенде екі күнге созылады.