Бухарестте ауа көлеңкенің өзінде 40 градусқа дейін қызады. Көптеген ұйымдар қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартады немесе үзілістерді көбейтеді.

Еуропа елдерінде аптап ыстыққа байланысты жұмыс уақыты қысқаруда
Фото: pexels

«Асханада ауа температурасы 50 градус0а дейін жетуі мүмкін. Бірақ бізде бәрі жақсы, біз кезектесіп жұмыс істейміз. Біз бұл ыстыққа төтеп бере аламыз», — дейді аспаз Юстиан Манеа.

Қаладағы жедел жәрдем шақыруларының көбі ыстықтан денсаулығы нашарлаған адамдармен байланысты. Бір күннің өзінде 1300-ден астам адам осы себепті дәрігерлерге жүгінген. Жедел жәрдем бригадаларының өздеріне де оңай емес.

«Бақытымызға орай, кондиционері жоқ жедел жәрдем көліктері аз, ал ыстық ауа-райында біз оларды пайдаланбауға тырысамыз», — дейді жедел жәрдем дәрігері Кристиан Грасу.

Метеорологтардың хабарлауынша, Бухаресттегі қатты аптап ыстық кем дегенде екі күнге созылады.

Поделиться: