Франциядағы наразылықтар үшінші тәулік басылмай тұр


Францияда 17 жасар жасөспірімнің өлімінен кейін билікке қарсы шерулер жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Парижде полиция 240-тан астам адамды қамауға алды.

Оқиға орнынан сурет: telegram.org

Кеше түнде тағы 400 демонстрант ұсталды.

Шерушілер үшінші күн қатарынан әкімшілік ғимараттарды, комиссариаттарды, полиция мен мектептерді өртеп жатыр. Жарақат алған құқық қорғау органдарының ондаған қызметкері бар. Билік 40 мыңнан астам тәртіп сақшыларын тартуға мәжбүр болды.

Еске салайық, 17 жастағы Наэль 27 маусымда қайтыс болды. Сол күні оны «Мерседес» көлігін жүргізіп келе жатып ереже бұзғаны үшін полиция патрульі тоқтатып, оқ атқан. Нәтижесінде жасөспірім көз жұмды.

Осыдан кейін Парижде және оның төңірегінде тәртіпсіздіктер басталды. Тәртіп сақшыларының әрекетіне ашуланған наразылар отшашу атып, ондаған көлікті өртеп жіберген. Полиция көзден жас ағызатын газбен жауап берді. Наразылық тіпті көршілес Бельгияға да тарады.

Жасөспірімді атқан полицейге келсек, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елдегі бас прокурорының айтуынша, «қару қолданудың заңды шарттары сақталмаған», осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше