Францияда жасөспірімнің өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздік басталды


Полиция қызметкерлері жасөспірімді бағынбағаны үшін өлтірегені үшін Париж маңында наразылық шерулері басталды.

Фото: twitter.com

Оқиға 27 маусым күні таңертең Нантер қаласында болған. 17 жастағы жасөспірім полиция тексеруі аясында көлігін тоқтатудан бас тартқан, нәтижесінде оны атып өлтірді.

Оқиғадан бірнеше сағат өткен соң әлеуметтік желілерде полицияның әрекетіне наразылық білдіру туралы үндеулер тарай бастады.

Түн батқан кезде Нантер көшелерінде тәртіпсіздіктер басталды. Кейбір азаматтар баррикадалар мен қоқыс жәшіктерін өртеп, автобус аялдамасын да талқандады. Марқұмның үйінің жанына да халық жиналды.

Сонымен қатар, олар полицейлерге петардаларды, тастарды және тұтандырғыш қоспаларды лақтыра бастады, оған тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газбен жауап берді, нәтижесінде бір адам көзден жарақат алды. Қала әкімшілігінің хабарлауынша, шерушілер үш көлікті де өртеген. Наразылық білдіру орындарына арнайы әрекет ету бөлімшелері шақырылды.

Біраз уақыттан кейін басқа қалаларда наразылықтар басталды. Осылайша, толқулар Сюрен, Асниер-сюр-Сен, Генневилье, Ла Гарин-Коломб және Вильневке жетті.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше