«Гарри Поттер» — жас сиқыршы Гарри Поттер туралы Джоан Роулингтің жеті кітабына негізделген фильмдер сериясы. Туынды Гарри мен оның достарының Хогвартс сиқыр мектебіндегі шытырман оқиғаларын баяндайды, онда олар зұлым сиқыршы Волан де морт және оның көмекшілерімен күреседі. Фильм барысында Гарри мен оның отбасының өткен өмірі, құпиялары ашылады. Кинофраншиза 2001-2011 жылдар аралығында түсірілген сегіз фильмнен тұрады. Енді әр бөлімді хронологиялық тәртіпте саралап көрейік.
1. Гарри Поттер және Пәлсапа тасы (Гарри Поттер и Философский камень) 2001 жыл
Режиссер: Крис Коламбус
«Гарри Поттер және Пәлсапа тасы» - Джоан Роулингтің кітабына негізделген “Гарри Поттер” сериясындағы бірінші фильм. Туынды өзінің шын мәнінде сиқыршы екенін және оның сиқыр әлеміндегі орны туралы білетін жетім бала Гарри Поттердің (Дэниел Редклифф) шытырман оқиғаларын баяндайды. Гарри Хогвартс сиқыршылық пен ғажайып мектебіне оқуға түседі, онда ол жаңа достары Рон Уизли (Руперт Гринт) мен Гермиона Грейнджермен (Эмма Уотсон) кездеседі. Үшеуі бірге мәңгілік өмір сүруге күш беретін және ежелгі сиқырлармен қорғалған пәлсапа тастың құпияларын зерттейді. Сиқырға, шытырман оқиғаға және достыққа толы фильм балалар мен ересектер арасында бірден танымал болды.
2. Гарри Поттер және Жасырын бөлме (Гарри Поттер и Тайная комната) 2002 жыл
Режиссер: Крис Коламбус
«Гарри Поттер және жасырын бөлме» - Джоан Роулингтің кітабына негізделген Гарри Поттер сериясындағы екінші фильм. Бұл фильмде Гарри жазғы демалыстан кейін Хогвартсқа оралып, жұмбақ күштер сүйікті мектебіне қауіп төндіретінін біледі. Ол достары Рон және Гермионамен жұмбақ оқиғаларды зерттеп, жасырын бөлмені табады. Ол бөлмеде ежелгі құпия жасырған. Фильм достық, батылдық және өзіне-өзі сену туралы маңызды тақырыптарды көтереді. Сонымен қатар жаңа кейіпкерлерді таныстырып олардың терең аспектілеріне мән беріп, шығу тектерін көрсету арқылы сиқыр әлемін кеңейтеді. Жасырын бөлме Гарри мен оның достарының шытырман оқиғаларының қызықты жалғасын ұсына отырып, өзінің сиқырлы әлемімен және қызықты сюжеттік желісімен көрермендерді баурап алуды әлі күнге дейін жалғастыруда.
3. Гарри Поттер және Азкабан тұтқыны (Гарри Поттер и узник Азкабана) 2004 жыл
Режиссер: Альфонсо Куарон
«Гарри Поттер және Азкабан тұтқыны» - Джоан Роулингтің кітабына негізделген сериядағы үшінші фильм. Бұл бөлімде Гарри Хогвартсқа оралып, жаңа қауіппен бетпе-бет келеді: қашып кеткен Азкабан тұтқыны Сириус Блэк (Гари Олдман) Гарриді іздеп жатыр деген қауесет сиқырлы Ұлыбритания қауымына тарайды. Фильм жаңа кейіпкерлерді, соның ішінде профессор Римус Люпинді (Дэвид Тьюлис) таныстырады, олар сиқыр әлемі мен Гарридің өткен өмірінің жұмбақтарын тереңдете түседі. “Азкабан тұтқыны” осыған дейін болмаған ауыр аурамен ерекшеленеді. Фильмде көтерілген күрделі тақырыптар мен кейіпкерлер оны ересек аудиторияға тартымды етеді. Туынды сиқырға және шытырманға жаңа элементтер енгізе отырып, тартымды оқиға желісімен және кейіпкерлерімен көрермендерді таң қалдырады.
4. Гарри Поттер және Алау кубогы (Гарри Поттер и Кубок Огня) 2005 жыл
Режиссен: Майкл Ньюэлл
«Гарри Поттер және Алау кубогы» — Джоан Роулингтің романына негізделген сериядағы төртінші фильм. Бұл бөлімде Гарри Поттердің алдында жаңа сынақ тұр - ол Хогвартстың атынан үш сиқыршы турниріне қатысады. Фильм романтикалық ағындар мен ауыр тақырыптарды қоса алғанда, франшизаға жаңа эмоционалды бояу әкеледі. Бұл шығарма жаңа кейіпкерлерді таныстырады және сиқыр әлеміне тың фактілер қосып, сиқырдың әртүрлі мектептері мен мәдениеттерін таныстырады. «Алау кубогы» қарқынды оқиға, қызықты турнир көріністер мен эпикалық шайқастарға бай. Гарридің жаңа қиындықтар мен қауіптерге тап болған кездегі өсуі мен жетілгендігін көрсетеді. Фильм кейіпкерлер мен олардың қарым-қатынастарын жаңа деңгейге шығарады.
5. Гарри Поттер және Феникс ордені (Гарри Поттер и Орден Феникса) 2007 жыл
Режиссер: Дэвид Йейтс
«Гарри Поттер және Феникс ордені» - Джоан Роулингтің кітабына негізделген Гарри Поттер сериясындағы бесінші фильм. Бұл бөлімде Гарри сиқырлы қауымдастықтың Волдеморттің (Рейф Файнс) оралуына сенбегенінің кесірінен “өтірікші” ретінде танылады. Сиқыр министрлігі Зұлым Лордтың қайтып келуі туралы шындықты жасыруға тырысады. Фильм көрермендерді шиеленісті және қауіпті атмосфераға батырады, қызықты шайқастар мен кейіпкерлерді дамытудың маңызды сәттерін ұсынады. Туынды сондай-ақ жаңа кейіпкерлерді таныстырады және сиқыр әлемін кеңейтеді, Гарри мен оның отбасының өткенінен тың құпияларды ашады. «Самұрық ордені» көрермендерге сатқындық, шындық үшін күрес және идеалдарға адалдық сияқты күрделі, ойға салып талқылайтын тақырыптарды ұсынады. Бұл фильм керемет сюжет пен сиқыр әлемінің ерекше атмосферасын ұсынатын Гарри Поттердің қызықты тарихын жалғастырады.
6. Гарри Поттер және араласқанды Ханзада (Гарри Поттер и Принц-полукровка) 2009 жыл
Режиссер: Дэвид Йейтс
«Гарри Поттер және араласқанды Ханзада» - Джоан Роулингтің кітабына негізделген Гарри Поттер сериясының алтыншы фильмі. Бұл бөлімде Гарри Хогвартсқа оралып, Волдемортқа айналған Том Реддлдің жұмбақ өткені туралы біледі. Профессор Дамблдордың (Майкл Гэмбон) басшылығымен Гарри оны жеңудің жолын табу үшін Волдеморттың өткенін зерттей бастайды. Шығарма басты зұлым кейіпкердің өткені мен әрекеттерінің себептеріне терең шолу жасайды, сонымен қатар Гарри, Рон және Гермиона арасындағы қарым-қатынастың дамуын көрсетеді. "Араласқанды Ханзада (Алан Рикман)" махаббат және сатқындық туралы маңызды тақырыптарды қозғайды, бұл оны сериядағы ең эмоционалды фильмдердің біріне айналдырады. Шығарманың әсерлі сюжеті, ерекше атмосферасы және таңғаларлық визуалды эффектілері бұл фильмді сиқырлы және шытырманға толы ұмытылмас саяхатқа айналдырады.
7. Гарри Поттер Ажал сыйы 1 бөлім (Гарри Поттер и Дары смерти 1) 2010 жыл
Режиссер: Дэвид Йейтс
«Гарри Поттер және Ажал сыйы: 1 бөлім» - Джоан Роулингтің соңғы кітабына негізделген Гарри Поттер сериясындағы жетінші фильм. Бұл бөлімде Гарри, Рон және Гермиона Хогвартсты тастап, Волдеморттың жанында жасырылған сиқырлы заттардың бөліктерін (крестраж) тауып, күшін жою үшін іздеуге шығады. Шығармада сиқыршылардың әр қадамы кедергілер мен қауіптерге толатын сиқырлы әлемге саяхатын баяндайды. "Ажал сыйы: 1-бөлім" сериалдағы бұрынғы фильмдерден қараңғы атмосфералық реңкпен ерекшеленеді. Сондай-ақ сүйікті кейіпкерлердің есеюіне, олардың тұлғалық эволюциясына баса назар аударады. Туынды кейіпкерлер арасындағы терең эмоционалды байланыстың жарқын сәттерін ұсынады және қиындықтарға қарсы күресудегі олардың адалдығы мен достығын көрсетеді. Бұл фильм көрерменді Гарри мен Волдеморт арасындағы эпикалық финалдық шайқас пен серияның соңғы бөлігіне дайындайды.
8. Гарри Поттер және Ажал сыйы 2 бөлім (Гарри Поттер и Дары Смерти 2) 2011 жыл
Режиссер: Дэвид Йейтс
«Гарри Поттер және Ажал сыйы: 2 бөлім» - Джоан Роулингтің соңғы кітабына негізделген Гарри Поттер сериясының соңғы фильмі. Бұл соңғы бөлімде Гарри, Рон және Гермиона крестраждарды іздеуді жалғастырады, өйткені Волдеморт пен оның әскері Хогвартста билік орнатуға кіріседі. Фильм жақсылық пен зұлымдықтың эпикалық шайқасымен аяқталады, онда Гарри өз жауымен бетпе-бет келеді. Фильм көрермендерге эмоционалды қарқындылыққа, драмалық бұрылыстарға және эпикалық шайқас көріністеріне толы сериалдың әсерлі қорытындысын ұсынады. Туынды сонымен қатар кейіпкерлердің эволюциясының шарықтау шегіне келеді, олардың өсуі мен өзгеруін көрсетеді. Бұл фильм Гарридің таңғажайып саяхатын қамтып қана қоймай, зұлым билеген мен қауіп-қатер кезіндегі достықтың, сенім мен махаббаттың күшін көрсетеді. «Ажал сыйы: 2-бөлім» миллиондаған жанкүйерлер үшін сиқырлы оқиғаға көптен күткен және эмоционалды әсерлі қорытынды әкелді.
Жансая Тасыбек
Фото: kinopoisk.ru