Hublot Classic Fusion Tributo: бастауына қайта оралу
Hublot компаниясы араға 46 жыл салып, ең алғашқы сағатына арналған — бүгінгі Classic Fusion желісіне прототип болған модельді шығарды
1980 жылы Basel Fair жәрмеңкесінде итальян сағат шебері Карло Крокко MDM Genève брендімен Hublot сағатын таныстырды. Ол кезде бұл нағыз серпіліс болды: ең қажет элементтерге дейін ықшамдалған сән-салтанат, белгісіз қарапайым циферблат және бұрын-соңды болмаған материалдар қарсыластығы — алтын мен каучук — ол дәуірдің сағат мектебі үшін абсолют нонсенс еді. Hublot атауы (фр. «ильлюминатор») модельге 12 бұрандамен бекітілген дөңгелек безельдің кеме терезесін еске салуына байланысты берілді.
Дизайн тұрғысынан Classic Fusion Tributo моделі 1980 жылғы түпнұсқа нұсқаға адал қалды: алтын корпус, қара каучук бау — Hublot брендінің визит картасына айналған сол «фьюжн» мәнері.
Корпус диаметрі пропорцияны бұзбай 36-дан 38 мм-ге ұлғайды, ал безельдің сәл дөңес он екі бұрандасы сағат белгісі ретіндегі бастапқы қызметін сақтап қалды. Күн-айна «3 сағат» тұсында орналасқан, бірақ архивтік модельден айырмашылығы, оның дискі қара түске боялғандықтан көзге түсе бермейді. Сонымен қатар, сары алтыннан жасалған «аутентті» Classic Fusion Tributo-дан бөлек, қара түсті бұрандалары мен оникс циферблаты бар ақ алтыннан екінші нұсқа да қолжетімді болады.
Сағат бұрынғыдай бедерлі каучук бауға тағылады, ол классикалық тәсілмен — құлақша арқылы бекітіледі. Қазіргі One Click (жедел ауыстыру) жүйесінің жоқтығы — модельдің ДНҚ-сын бастапқы күйінде сақтау үшін жасалған саналы таңдау.
Техникалық жағынан Classic моделі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Корпустың суға төзімділігі 5-тен 10 атмосфераға дейін артты, ал кварцты механизм орнына шамамен 50 сағат жүріс қорымен және «H» әрпі пішініндегі роторы бар мануфактуралық автомат калибр орнатылды, оны мөлдір артқы қақпақ арқылы көруге болады.
«Өндірісті басқа біреуге, тіпті мықты да талантты мамандарға сеніп тапсыру маған әрдайым оңай болған жоқ. Соған қарамастан, Ньонға оралып, мануфактураға барған сайын жаңа сағаттармен танысып, үздіксіз сабақтастық пен жоғары шеберлікті көремін. Hublot бренді дамуын бақылап отырып, бұл — өмірімдегі ең дұрыс шешім екенін түсінемін. Алғашқы дизайнды қайта жаңғырту және Art of Fusion философиясының бастауларына оралу менде терең сезім тудырады», — дейді Hublot компаниясының негізін қалаушы Карло Крокко.
Екі нұсқасының да бағасы — 25 000 швейцариялық франк, олар Қазақстандағы Premier Group бутиктерінде қолжетімді болады26amp;