Есірткі емес! Илон Маск депрессияға байланысты дәрі қабылдағанын айтты


Америкалық миллиардер Илон Маск кейде депрессияға ұқсас күйді бастан кешіретінін мойындады.

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Илон Маск CNN журналистіне берген сұхбатында айтты. Басылымның хабарлауынша, Tesla және SpaceX негізін қалаушы есірткі қолданған болуы мүмкін деген соңғы ақпараттан кейін тексеріске ұшыраған. Осыған байланысты журналист одан кетамин препаратын қолдану туралы түсінік беруін сұрады.

«Менің миымда депрессия сияқты жағымсыз химиялық күй пайда болатын кездер болады… Ал кетамин жағымсыз көңіл-күйден арылуға көмектеседі», - деді Маск.

Миллиардер оның бұл препаратқа рецепті бар екенін және оны «аз мөлшерде, екі аптада бір рет» қолданатынын айтты.

Сонымен бірге Маск жоғарыда аталған дәріні теріс пайдаланғанын жоққа шығарады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше