Америкалық бизнесмен Илон Маск Twitter-дегі парақшасында Ресеймен соғыс ауқымды бола қалса, Украинаның жеңіске жететініне сенбейтінін айтты.
Илон Маск 21 қыркүйекте Ресейде ішінара жұмылдыру басталғанын еске салып, егер Қырымға қауіп төнсе, Путин толық мобилизация жариялауы мүмкін деген болжам айтты.
Ресей халқының саны Украинадан үш есе көп, сондықтан жаппай соғыста украиндардың жеңіске жетуі екіталай. Егер сіз Украина халқы үшін алаңдасаңыз, бейбітшілік орнасын деп тілеңіз, - деп жазды Илон Маск.
Бұған қоса, миллиардер өзінің Twitter-інде Донбасс пен Қырымда тұратын адамдардың Ресей немесе Украинаның бір бөлігі болу керек пе екенін өз бетінше шешуге құқығы бар ма деген сауалнама жүргізді. Қазіргі уақытта сауалнамаға қатысқан қолданушылардың жартысынан астамы аталған өңірлердің тұрғындарының мұндай құқығы бар деп есептейді.
Маск жарияланғаннан кейін бірден жанжал шығып, оның компаниясының акциялары 9%-ға төмендеген. Дегенмен, Маск өз мәлімдемесін жоққа шығарған жоқ және оның әлеуметтік желідегі аккаунты бұзылған деген теория расталмады.
Қазақстандық сарапшы – қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов Илон Масктың твиттеріне түсініктеме бере отырып, қазіргі әлемдік тәртіпке саясаткерлер емес, Tesla негізін қалаушы сияқты ықпалды бизнесмендер қауіп төндіреді деген пікір білдірді.
Еске салайық, Украинаның басып алынған аумақтарында Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын Ресейге қосу туралы «референдумдар» өткен болатын.