Иманбек Әли Оқаповты қолдайтынын айтты


Әйгілі диджей халықтан "орденге Әли Оқапов емес, Иманбек лайық" деген әңгімені тоқтатуды сұрады.

Сурет-коллаж: esquire.kz

Қазақстандық әлемге әйгілі музыкант Иманбек әріптесі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповты қолдады.

Бұл туралы ол Instagram Stories парақшасында хабарлама жариялады:

«Досымыз әрі әріптесіміз Әли Оқапов «Құрмет» орденін алды, мен оны шын жүректен құттықтаймын! Бірақ, өкінішке орай, ол көп сынға ұшырайды, мен бұл пікірмен келіспеймін. Біз, музыканттар, тыңдарманымыздың көңілінен шығу үшін барлығын жасайтынымызды түсіндіргім келеді. Сондықтан, сіздерден сұраймын, оған теріс пікір жазудың қажеті жоқ, мені бұл марапатқа лайық деп жазудың қажеті жоқ… Керісінше, ол үшін қуанайық, қолдайық, өйткені біздің, шығармашылық адамдардың бір ғана міндетіміз бар, ол – біз еліміздің мәдениетін көтеру!»,- деді Иманбек.

Орден алғаннан кейін Әли Оқапов қазақстандықтардың сынына тап болды. Көпшілік оның бұл марапатқа лайық еместігін жазып, анасы Роза Рымбаеваның арқасында алғанын алға тартуда. Музыкант қиын жағдай туғызғаны үшін көпшілік алдында кешірім сұрап, мемлекеттік сыйлықты қайтарғысы келетінін хабарлады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше