Антарктикалық алып кальмар алғаш рет видеоға түсірілді

Шмидт мұхиттану институтының америкалық ғалымдары антарктикалық алып кальмар мен оның шабағын табиғи мекенінде алғаш рет видеоға түсірді.


Фото: Schmidt Ocean Institute
Фото: Schmidt Ocean Institute

Бұл ерекше оқиға BBC жазуынша, Оңтүстік Сандвич аралдарының маңында 687 метр тереңдікте орын алған.

Антарктикалық алып кальмар (Mesonychoteuthis hamiltoni) алғаш рет 100 жылдан астам уақыт бұрын сипатталған. Бұл теңіз жануарының салмағы жарты тоннаға дейін жетуі мүмкін және оның көздерінің диаметрі 27 сантиметрге дейін баратын аса үлкендігімен ерекшеленеді.

Антарктикалық алып кальмар алғаш рет видеоға түсірілді
Фото: Schmidt Ocean Institute

Видео түсірілім қашықтан басқарылатын аппараттың көмегімен жасалған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше