Индустрияны (мүмкін) өзгертетін 9 музыкалық тренд

Пластинкаларда, концерттерде немесе құлаққапта не тыңдаймыз.


Beyonce
Cowboy Carter

Біздің мыңжылдықтың музыкасына 25 жыл болды, ол әлі де өзгеріп келеді: «ересек» жанрлардан тікелей дәйексөздер алып, өткенге ишара жасаудың вариацияларымен және енді үйде отырып та кәсіби жазбаға ұқсайтын тректер жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялармен толыға түсуде. Тарихилық заманауи жетістіктермен астасып, соның нәтижесінде жаңа трендтер пайда болады.

Айталық, өткен ғасырдың 30-жылдарында электрогитара өмірге келді де, оның жасаушыларының бірі Лес Пол жаңа аспаптың арқасында джаз бен блюзге тың үн беріп, классикалық рок-н-роллды қалыптастырды. Өмір қаншалық жылдамдап, технологиялар қаншалықты қарқынды дамыса, музыка да соншалықты жиі әрі қатты өзгереді. Қазірдің өзінде, ғасырдың алғашқы ширегінде-ақ, болашаққа көз салып, пластинкалардан, концерттерден немесе құлаққаптан естілетін таяу трендтерді аңдауға болады.

Ностальгия және жаңа ескі

Соңғы жылдар, соның ішінде 2024-жыл да, музыка үшін жарқын камбэктер мен жаңа альбомдардың легі болды: мысалы, ABBA (40 жылдан кейін), The Jesus26nbsp;and Mary Chain (17 жыл), Cure (1626nbsp;жыл). Біз кетіп бара жатқан онжылдықты қорытып, өткен ғасырға қарайлаймыз, өткенді осы күнмен тоғыстырамыз. Бұл тек артисттердің алдағы ширек ғасыр тарихына атсалысып, әлемдік оқиғаларды пайымдағысы келетін ниетінде ғана емес, жанрлық ностальгияда да көрініс табады.

Кантри мен фолк

Өткен ғасыр мәдениетін қайта пайымдау музыкада кантри мен фолктың жаңа толқынымен басталады. Бұл жанрлардың «жаңғыруы» алғаш емес — фолк Еуропада пайда болып, 60-жылдары алғашқы ренессансын өткерді, ал кантри 70–80-жылдары жаңа қырларға ие болып, коммерциялық табысқа жетті.

Сырт қарағанда, бұл жанрларда айтылмаған сөз қалмағандай: Боб Дилан, Джоан Баэз (фолк), Долли Партон және Джонниa0Кэш (кантри). Алайда уақыт өте келе екеуі де талай тоғысты: соның нәтижесінде фолк-метал, турбо-фолк, джаз-кантри, кантри-рок және тағы талай тармақ пайда болды. Егер кантри аса америкалық жанр болса, фолк-музыканттарды көптеген елдерден табуға болады; Қазақстанда мысалы, этнофолк тобы Turan және аспаптық фолк-метал Ulytau, олардың 2024a0жылы жаңа альбомы шықты. Дегенмен фолк пен кантри трендке көбірек классикалық дыбыста енді. Нөлінші жылдардың соңынан сахнаны аса таныс емес поп-кантри әнші Тейлор Свифт жаулап ала бастады. Қазір ол гитаралық музыканы тастап, синти-попқа ойысты, бірақ кантри трендін басқа музыканттар киноға жасалған жаппай ретроспективалар мен 60-жылдар дәуірі туралы сюжеттердің арқасында іліп әкетті («Бірде Голливудта», «Чикаго жетілігіне қарсы сот», «Боб Дилан: Ешкім білмейтін»).

Индустрияны (мүмкін) өзгертетін 9 музыкалық тренд

Міне, 2024 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ-та Колорадо штатының инди-фолк тобы Lumineers және Висконсиннен Bon Iver қайтадан кең танымал бола бастады. Lana Del Rey 2025 жылдың көктеміне кантри-альбомын жариялап, «Грэммидің» 2024 жылғы «Үздік альбом» жүлдесін Бейонсе Cowboy Carter үшін кантри, кантри-поп, фолк және Ra0&B стилінде алды. Сонымен қатар Бейонсенің альбомы вестерндерге қызығушылықты және ковбойлық киімнің сатылымын арттырды. Демек, тренд шарықтау шегінде, бізді америкалық классиканың барлық музыкалық жанрларға ықпалының әлі талай күшеюі күтіп тұр.

Нью-вейв, синтвейв, синти-поп

70–80-жылдардың синтетикалық дыбысына қызығушылық өткен онжылдықта-ақ пайда болған, және бәсеңдеуі тиіс сияқты еді, бірақ толқын енді ғана биіктей бастады.

Егер кантри-музыка посткеңестік кеңістікте кең қолдау таппаса, нью-вейв, қазіргідей ретро-вейвке айналған бағытты бәрі іліп әкетті. Қазір оның дыбысы өзге стильдердің белгілерін жылдам сіңіріп жатыр. Танымалдылығы күрт өскен жас әнші Chappell Roan синттерге таныс сипатқа барокко-поп пен альт-поптың ноталарын қосып, Spotify-да ондаған миллион тыңдарман мен миллиард стрим жинауда.

Индустрияны (мүмкін) өзгертетін 9 музыкалық тренд

Қазақстанда синти-поп та жеңіл музыканы ұнататын, бірақ «тойлық» әндерден қажығандардың плейлистін түрлендірді. Moldanazar өз әуездерінде 80-жылдардағы ғарышқа жақын электронды лептерді аздаған гитаралық индиімен ұштастырып, жас тыңдармандардың ерекше ықыласына бөленіп жүр.

Лирикадағы шынайылық

Көбіне тыңдармандар әндердің поэтикалық мазмұнына көбірек мән бере бастады — бұл мазасыз, күйзелісті уақыттарда қарапайым мағына мен оңай ұйқастардан артықты іздегенде орын алады. Бұл махаббат лирикасы жоғалады, барлық ән әлеуметтік контекстке не ізгі аффирмацияларға толады деген сөз емес — жоқ, қатынастар жайлы мәтіндер жоғалмайды, бірақ олар анағұрлым жеке әрі шынайырақ бола түседі.

Мысалы, Билли Айлиш, оның жаңа альбомының (Hit Mea0Hard and Soft) лирикасы жеке сезім-күйлермен тығыз байланысты, бірақ сонымен қатар бірмәнді «менді» ұсынбайды, сол себепті оның әндерін тыңдағанда басты кейіпкер ретінде өзіңізді елестете аласыз — жаңа қатынастардың бастауын, күйзелісті, өзін қабылдауды бастан кешіп жатқан жан ретінде.

Индустрияны (мүмкін) өзгертетін 9 музыкалық тренд

Орыс тілді лирика сезімдірек болып, әндер оқиғаларға толы бола бастады. Жақсы мысал — петерборлық инди-софт-рок жобасы «Зимавсегда» музыкант Евгений Кубынинаның екі бөлімнен тұратын жаңа альбомы. 8 және 8 pt.2 — бұл күйретуші әрі күйреп бара жатқан махаббат жайлы, кешіру мен қоштасу жайлы екі пайым, әрі аз-маз «қалай әрі қарай өмір сүру керегі» туралы ойлар; кейде мұндай музыкалық демеу терапиялық әсер береді. Сондай-ақ ол орындаушы мен тыңдарман арасындағы эмоциялық байланысты нығайта түседі. Бұл есеп-қисаптан гөрі естілгісі келу, демеу беру және жауап ретінде де қолдау көру тілегі туралы.

Ашық мәтіндер мен «ластау» дыбыс

2024 жылы нөлінші жылдар эстетикасы қайта оралып, тіпті айқынырақ, бірақ ирониялырақ сипат алды. Гламурдың әсіреленуі алдымен y2k, барбикор және «луктар» форматындағы «славик бимбо» стильдерімен модаға енді, кейін музыкада да көрінді — жаздың басты альбомы BRAT (Charli XCX) арқасында.

Индустрияны (мүмкін) өзгертетін 9 музыкалық тренд

«Қалың» клубтық биттер, сықырлаған, салдырлаған дөрекі дыбыс, бірақ әйел достығының қиындығы, аналықтан қорқу, «жаман қыз» болудың мәні, тіпті музыка индустриясының екіжүзділігі туралы ашық, шынайы, автобиографиялық мәтіндер.

BRAT — жаһандық медиалылық, әлеуметтік желілер мен смартфондар дәуірінде продюсерлер мен қоғам мінсіз, мұқият өңделген бейнелерді талап ететіні жайлы пайым. Бәрі қойылымға айналады, тұлға медиада бизнес-модель арқылы өседі, ал поп-музыка — әрдайым коммерциялық есеп-қисап. Бірақ альбом мына сұрақты қояды: бұдан шаршамадыңыздар ма? Сөйтсе, шаршаған екен.

«Ластау» эстетикасы жанрға қарамастан маңызды трендке айналып келеді. Алда BRAT поп-музыка мен индустрияға жалпы қалай әсер еткенін бақылау жылдары тұр.

Зумерлер «ойлап тапқан» жанр

Музыкалық және технологиялық ықпал тоғысында дрифт-фонк орналасқан — Ресейде фонк жанрынан эволюцияланған бағыт, ал фонктың өзі 20 жыл бұрын синти-поп қоспасы бар хип-хоптың ішкі тармағы ретінде пайда болды. Дрифт-фонкты Z буыны іліп әкетті, өйткені олар технологиялық ортада өсіп, музыка жасау үшін әрдайым аспапта ойнай білу шарт емес екенін түсініп жетілді. Ноутбук пен трек жазуға арналған тегін бағдарламалар — әрі қарай бәрі құлаққа, талғамға, трендті дөп баса білу мен табандылыққа байланысты.

Бәлкім, сіз дрифт-фонк тректерін TikTok желісінде естіген боларсыз. Бұл орташа темпті, ауыр басы бар, әдейі «жазба сапасы» төмендетілген ырғақты музыка. Кәдімгі хип-хоп ритмін қарапайым синтезатор әуенімен елестетіңіз де, үстінен 90-жылдардағы нашар магнитофонда тыңдағандай шу, кедергілер жапқандай. Қызығы, дрифт-фонк ең әуелі посткеңестік кеңістікте, нақтырақ Ресей, Қазақстан және Украинада дамып келеді. Жас жігіттер тректерін SoundCloud пен Spotify сияқты алаңдарға жүктейді, ал тыңдармандар өздеріне ұнағанын өздері таңдап, әлеуметтік желілердегі роликтерінде қолдана отырып, орындаушылардың вирусқа айналуын жалғастырады.

Ең танымал дрифт-фонк музыканттардың бірі — қазақстандық Eternalkz, оның ай сайынғы 7 миллион тыңдарманы бар. Негізгі аудиториясы — Түркия, Индонезия, Бразилия және Үндістан, демек, фонк бастапқы танымалдығының шегінен әлдеқашан асып кетті. Қалай дамитынын көреміз, дәлірегі, тыңдаймыз.

Әлем мен музыканы өзгертетін технологиялар мен оқиғалар

Енді қазір музыкаға индустриямен тікелей байланысты дүниелерден бөлек не әсер ететіні туралы айтайық. Баспа басылымдары, теледидар, радио, ашық шекаралар, әуе қатынасы, тіпті инстаграм — мұның бәрі музыкаға ықпал етіп үлгерді. Ал қазір ше?

TikTok және қысқа роликтерге арналған өзге платформалар

Әлеуметтік желілер нөлінші жылдардың ортасында көптеген музыканттар үшін танымалдықтың кілті болды. Myspace — мұнда блог жүргізіп қана қоймай, шығармашылығымен де бөлісетін алаңға айналды — солайша әлем Леди Гаганы, Кэти Перриді, My Chemical Romance тобын таныды. Соңғы есеп бойынша, танымалдығы бәсеңдей бастаған шақта, 2014 жылға қарай, Myspace сайтында 53 000 000a0әнді 14 миллион орындаушы жүктеген. Интернет радиоға апарар жолды қысқартты — бұрын демоны лейблдерге жіберіп, қабылдай ма екен деп күту керек болатын.

Көптеген музыканттар «интернетке дейінгі» заманда продюсерлердің үстірт көзқарасы салдарынан өз тыңдарманын таппай қалуы мүмкін еді, мысалы, 2003 жылы Mr.Brightsidea0(The Killers) әнінің демосын АҚШ-тағы барлық лейблдер кері қайтарды, ал топ тек жазба Ұлыбританияға жеткендіктен ғана таныла алды. Ал енді ешкім естімей қалуы мүмкін болған бұл әннің ай сайынғы тыңдарманы 2 миллиардқа жетті.

Сондықтан әлеуметтік желілер дәуірі басталғаннан бері ықтимал тыңдармандар өздерінің сүйікті орындаушыларын өздері таңдайды, бірақ бұл барған сайын сирек Spotify және Яндекс Музыки сияқты стриминг-платформалардың арқасында болады. 2025 жылға қарай көптеген жас тыңдарман жаңа орындаушыны TikTok не инстаграмдағы 15–20 секундтық үзіндіден танып жатады. Нәтижесінде индустрияда келеңсіз жағдайлар туындайды — мысалы, Stevea0Lacy (ай сайын 25 млн тыңдарман) жанкүйерлері оның концертінде TikTok-та вирусталған жолдардан ары қарайғы сөздерін айта алмай қалады. Ал «Можно я с тобой» (AP$ENT) трегін естігендердің көбі, шамасы, қайырмасынан басқа ештеңе білмейді.

TikTok айналасындағы қазіргі музыканттардың тағы бір мәселесі — әні вирус болу үшін тынымсыз контент түсіруге мәжбүр екендіктері. Әнші Halsey өз лейблі жаңа альбомды TikTok-тағы жарнамалық кампаниясыз шығаруға рұқсат бермейтінін, релизге дейін тректерді «вирусқа айналдыру» қажет екенін ашық мәлімдеген.

Қысқа видеолар композиция форматын да өзгертіп, ең бірінші орынға ілгіш қайырманы шығарды, әрі мем-әндердің танымалдығын арттырды — өйткені юморға құрылған мәтіндер тез трендке айналады және одан табыс табу оңай. Екінші жағынан, музыканы шынымен сүйіп, зерттейтін тыңдармандар да, әлеуметтік желілерден аулақ жанрлар мен орындаушылар да жоғалған жоқ. Алайда жас орындаушылар саны көбейіп жатқанын ескерсек, алдымызда үлкен өзгерістер күтіп тұрғаны мүмкін. Музыканттар әдеттегі релиз форматына азырақ мән беріп, TikTok-та тренд болуға көбірек ұмтылып, негізгі екпінді қайырмаға қойып, өтпелі куплеттермен және бриджсіз жұмыс істеуі ықтимал.

Концерттерге не болады

Алдыңғы бөлім көңіл суытқандай болса, бұл жолы аздап қуантатын жайт бар, бірақ бірден емес. Пандемиядан кейін концерттерге оңай емес кезең туды — алаңдар көп қаржы жоғалтты да, бағаларды өсіріп жіберді, сәйкесінше билеттер де қымбаттады. Ал цифрлық медиа мен платформалар енді бізге үйден тікелей эфир арқылы концерттер «ұйымдастырамыз» дейді.

Әлі сәл ғана қалды — матрица ма? Бақытымызға қарай, ковид шегінді де, технологиялық лimbus-қа сүңгіп кетуден алыстадық. Кейбір әртістер онлайн-концерт өткізсе де, бұл толыққанды алмастырғыш бола алмайды әрі тірі концерттер азаймайды да. Өйткені адамдарға тірі музыка ұнайды! Spotify есебіне сәйкес, жан-жақты сұралған жастардың 74%-ы жылына кемі бір концертке барған.

Индустрияны (мүмкін) өзгертетін 9 музыкалық тренд

Біреудің туры көптен бері елеулі мәдени оқиғаға айналмаған еді, ал 2024 жылы Taylor Swift Eras туры дәл сондай құбылысқа айналып, ол өткен қалаларға экономикалық әсер етті. Германияда билет кезегінде 3 миллион адам тұрса, Британияда мұндай танымалдыққа соңғы рет елде The Beatles-тің шарықтау кезеңінде ғана жеткен болатын.

Концерттердің танымалдығы Тейлор Свифт шоуына сатылған билеттермен ғана өлшенбейді. Қазақстанда 2024 жылы концерттер саны 2023 жылмен салыстырғанда 40% артты, олардың үштен бірі өңірлерде өтті. Өткізілген өнер көрсетілімдерінің 90%-дан астамы қазақстандық орындаушылардың қатысуымен болды — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп, бұл тыңдармандардың «өз» музыканттарына зор қызығушылық танытатынын көрсетеді.

Глобализация музыканы қалай ықпал етеді

Цифрлық платформалардың арқасында шығармашылықтағы мәдени шекаралар барған сайын бұлдырап, бұл музыкалық стильдер мен жанрларға елеулі әсер етіп отыр. Бұдан 20 жыл бұрын монғол рокынан экстравагант кеш ұйымдастыру қиын болатын, ал қазір Ұлан-Баторлық Thea0Hu рок-тобында (айтпақшы, олар трендтегі фолк-металды ойнайды) ай сайын шамамен 1,5 млн тыңдарман бар, ал Моңғолия халқы 3,5 млн адам. Музыка мен бизнесте бүкіл әлемге ілгерілетуге қаржысы аз елдердің жергілікті орындаушыларының танымалдығы артып қана қоймай, сала ішінде мәдени алмасу да жүріп жатыр. Музыканттар бірін-бірі белсенді тыңдап, идея алмасып, жаңа гибрид жанрлар жасайды. Мысалы, нидерланд музыканты әрі диджейі Afrojack 2006 жылдан бері африкалық ырғақтарды электронды музыкампен ұштастырып келеді, қазір ол жаңа бір толқын танымалдыққа ие болып, тың тректері ондаған миллион тыңдалым жинауда. Ал корей поп-музыкасын BTS қалай популяризациялағанын — оның салдарын әлі алда көреміз.

Көптілділік те трендке айналуы мүмкін. Билли Айлиш-тің испан тіліндегі әндері бар, ал Maneskin италиян тіліндегі әндерімен танымал болды. Ал Қазақстандағы жарқын мысал — поп-әнші Liili. Оның Hot атты орысша-ағылшынша трегі 500 000-нан аса тикток-ролик пен рилсте қолданылды, тіпті Ким Кардашьян тректі сторисіне салған.

Нейрожелілер – қауіп пе?

Ал енді адамдар шақырған жердің бәріне барған сайын белсендірек дендеп еніп жатқан ұлы да қорқынышты Жасанды интеллект туралы. Музыка да бұдан тыс емес. ЖИ әуендер, ырғақтар тіпті вокалдық партиялар жасауға көмектеседі. 2023 жылы нейрожелілік Weekend пен Drake орындайтындай етіп жасалған фит Heart On My Sleeve көптеген музыканттарды шошытты, себебі тыңдармандардың біразы мұның имитация екенін, ал әртістердің әнді жасауға қатыспағанын түсінбеді. «Бізді алмастырады» деп шығармашылық адамдар да алаңдай бастады. Алайда бүгін YouTube «Nirvana – Barbiegirl» немесе «Anna ASTI х Metallica – Царица» секілді генерациялармен лық толы, бірақ бұл әлі де бөлек ермек күйінде қалып, музыканың орнын баспайды.

Әнші Grimes-тің эксперименті де назар аударарлық: ол 2019 жылдан бері өз дауысын негізге алған ЖИ-генерацияланған тректер шығарып келеді және музыканың болашағы нейрожелілерде дегенге кәміл сенімді. Әзірге нәтиже мынадай: алты жылда GrimesAI жобасының «нейро-орындаушысы» Spotify-де айына 65 мың тыңдарман жинаса, «тірі» жұлдызға жуық 7 млн жанкүйер қызығады. ЖИ-әнші Anna Indiana жобасының генерациясы да көңілден шықпады. Жобаға БАҚ-та үлкен жарнама жасалды, бірақ 2023 жылы YouTube-те аккаунт небәрі 1,24 мың жазылушы жинап, қаралымдар үнемі құлдырап келеді: 2024 жылдың соңында жарияланған соңғы роликте бар болғаны 990 қаралым. Демек, не Weekend пен Drake фиті сияқты қызығырақ талпыныстар көбейуі керек, не нейрожелілік тректер бір орындаушылардың мүлде алыс жанрларда екінші біреулердің әндерін айтатын TikTok- пен YouTube- роликтеріне ғана жарайды.

ЖИ бір күні танымал музыкалық жобаға айнала ма — бұл даулы сұрақ, ал жазба студиясындағы шығармашылық процеске көмекші әрі құрал бола бастағаны — шындық. Әзірге «ірі» орындаушылардың ешқайсысы тректеріне ЖИ-дің қатты ықпалы туралы дауыстап айтқан жоқ, керісінше мәлімдемелер бар. Мысалы, британдық инди-тобы The Wombats 2025 жылғы 14 ақпанда шыққан соңғы альбомы — Oh! The Ocean туралы Spotify-дағы парақшасында «заманауи дыб жазуда үстем болған жасанды интеллект студиялық технологияларынан бас тартып, альбомды анағұрлым табиғи әрі адамға жақын етуге тырыстық» деп жазды.

Дегенмен бұл 3 млн тыңдарманы бар топтың шағын ғана перформансы. Біреулер барлығында адамилыққа ұмтылса, өзгелері нейрожелілерді көмекші ретінде пайдаланады. LANDR секілді ЖИ-негізді мастеринг құралдары жетіле түсіп, постпродакшн процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл музыканы жасау процесін тәуелсіз әртістер мен шағын ұжымдар үшін қолжетімдірек етеді.

Осы трендтердің қайсысы бұдан да жоғары серпін алып, тарихқа еніп, жаңа музыкалық толқын туғызатыны немесе төңкеріс жасайтыны қызық. Бәрі жылдамдап барады, жарты ғасыр күту шарт емес. Индустрия бес жылда-ақ танылмастай өзгеруі мүмкін, не мүлде аз өзгеріп, жаңа дыбыстармен, жолдармен және жылдам ілгерілету тәсілдерін, жаңа тректер жасауға ыңғайлы құралдарды иеленген музыканттармен байи түсуі ықтимал. Бұл туралы бес жылдан соң жазармын! Сол уақытқа дейін сіз оқып отырғанда музыканы тікелей миға жеткізетін чип жасап үлгерсе екен — қандай керемет болар еді.


Мәтін авторы: Екатерина Кокина

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше