ISW: "Ресей Украинаның шығысында үлкен шабуылға дайындалуда"


Ресей Донбасста өз күштерін жинақтауды жалғастыруда және алдағы айларда, бәлкім, Луганск облысында ірі шабуылға дайындалуда, деп жазады Американың соғысты зерттеу институты (ISW) өзінің жаңа есебінде.

Институт сарапшыларының айтуынша, бұған ресейлік, украиндық және батыстық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер дәлел.

Атап айтқанда, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг 30 қаңтарда Ресейдің бейбіт келіссөздерге дайындалып жатқанының белгісін көріп тұрған жоқпын деп мәлімдеді. Ресей Федерациясы тағы 200 мың адамды жұмылдыра алады, оқ-дәрілер өндірісін ұлғайтады және оларды Иран мен Солтүстік Корея сияқты достық авторитарлық режимдерден көмек ала алады, деді Столтенберг және Украинада өзінің «максималистік мақсаттарын» сақтайды, деп түйіндеген.

Украина Құрлық әскерлері резервтер кеңесінің басшысы Иван Тимочко да Ресей қарулы күштері алдағы шабуылға Донбасста топтастыруды күшейтіп жатыр деп есептейді. Оның пікірінше, Кремль мұндай шабуылға жеңісті қалайтын ресейліктердің «ішкі қысымын арттыру» арқылы итермелеп отыр делінген.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше