Голливудтағы саяхатын ойыншықтарды жарнамалаудан бастаған Зендая Коулман бүгінде Z буынының нағыз жұлдызы. Сіз 27 жастағы актрисаны Өрмекші адам трилогиясында, Тимоти Шаламетпен бірге «Дуне» фантастикалық мюзиклнде көре аласыз. Хью Джекманмен бірге ең керемет шоумен, сондай-ақ ол танымал жасөспірімдер сериясы «Эйфориядағы» рөлі үшін «Үздік драмалық актриса» номинациясында Эмми сыйлығын алды.

Зендая Коулманнан 5 beauty кеңес
Фото: Зендая Коулман, «Өрмекші адам» фильмінен кадр

Зендая — әйел сұлулығының эталоны. Ол қызыл кілемде жүрсе де, Бейонсенің музыкалық бейнеклипіне түссе де, тіпті сынға қалса да бізді үнемі таң қалдыратын сүйікті музаларымыздың біріне айналды. Бүгінгі топтамада Зендаяның сұлулық құпияларып сараптап көрейік.

Шаш күтімі. Актрисаға өзінің табиғи бұйра шаштары қатты ұнайды. Ол түзегіш құралдарды қолданып шаштарын сәндеуді азайтқаннан кейін оның бұйраларының табиғи толқынды құрылымы қайта оралғанын мойындайды. Оның үйде оңай қайталанатын қолтаңба стилі — бос, ұқыпсыз бұйра шаштары. Шашын жуғаннан кейін ол әдетте Miss Jessie’s Multicultural Curls кондиционерін пайдаланады, бұл оның бұйрасына текстура қосуға көмектеседі екен.

Тері күтімі. Зендая шынымен де сарысулардың барлық түрлерін жақсы көреді және оларды ылғалдандырғышпен жабу қадамын ешқашан өткізіп жібермейді. Оның терісі құрғақ, сондықтан күнделікті таңертеңгі ылғалдандырусыз тері күтімін елестете алмайтынын айтады. Сонымен қатар, ол «алтын» ережені ұстанады, яғни ешқашан макияжбен ұйықтамайды.

Макияжға деген дұрыс көзқарас. «Эйфория» сериалының кейіпкері өзінің макияжды көп қажет етпейтін мінсіз терісін мақтан тұтады. Шынында да, оның мінсіз бет-әлпетіне кемшіліктерді жасыру үшін арнайы құралдар қажет емес.

«Мен макияжды тек қызық болғандықтан жасаймын. Бұл сіздің бетіңізге сурет салған сияқты», — дейді Зендая.

Зендая Коулманнан 5 beauty кеңес
Фото: «Эйфория» фильмінен кадр

Керемет селфи. Терісі жарқыраған, тегіс және мінсіз көрінетін оның әйгілі селфилерінің сырын білесіз бе?

«Бәрі күн шуағына байланысты. Күн сәулесі бетіңізге тікелей түсуі үшін түстен кейін тұрыңыз. Сондай-ақ, тері мүмкіндігінше ылғалды болуы керек», — деп бөліседі ол.

Рухани тепе-теңдік. Сұхбаттардың бірінде Зендая әрбір күнде алғыс сезімімен өмір сүру өте маңызды екенін айтты. Қолда бардың қадірін біліп, ешқашан мойымай, өзіңе сенімді болуың керек дейді актриса. Сондай-ақ Зендая өзімен болған барлық жақсылықтар үшін алғыс айтуға күн сайын бірнеше минут бөлетінімен бөлісті.

Ақерке Дүйсенбай

Поделиться: