Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті айтты.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері 58 автокөлік өрті тіркелген.
Өртенген көліктердің көпшілігі жанармаймен жүрді. Дегенмен, көліктердің өртенуінің негізгі себебі – электр сымдар жүйесіндегі ақаулар. Атап айтқанда, биылғы жылы тіркелген 58 өрттің 41-і электр сымдарының тұйықталуынан орын алған. Сондықтан оқшаулағыштардың күйіне және қосылыстардың сапасына назар аудару керек.
«Электр жабдығының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, кабинада темекі шегу, яғни көлік иесінің көліктегі өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы көліктегі өрттің шығуына әсер етеді», - дейді ведомство өкілдері.
Автокөлік жанып кетпес үшін автокөлік қозғалтқышына ғана емес, электр жабдықтарына да назар аударып, жиі техникалық қызмет көрсету қажет.