Канаданың Торонто қаласына жақын маңдағы тас жол бойында 5 миллион ара салынған жәшіктер шашылып жатыр. Осыған байланысты жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер сақтық шараларын сақтауға мәжбүр болды.
Канаданың Торонто қаласына жақын маңдағы тас жолда ерекше оқиға орын алды. Белгісіз себептермен 5 миллион тірі ара қораптары тиелген жүк көлігі жолдың дәл ортасына шашылып, жәндіктер ұшып кеткен.
Жергілікті полицейлер көлік жүргізушілеріне терезелерді ашпауға және тас жол бойымен жүру кезінде абай болуға шақырса, жаяу жүргіншілерге бұл жерге мүлдем жақындамауға кеңес берді. Төтенше оқиға құқық қорғау органдарын әбігерге салды. Алдын ала мәлімет бойынша, араларды шаруаларға тозаңдандыру қызметін көрсететін арнайы компания тасымалдауы мүмкін.
"Біз әлі не болғанын және қалай болғанын түсінбедік, бірақ бір сәтте аралар немесе ара ұялары бар контейнерлер жүк көлігінен құлап, жолдың барлық жағына шашылып кетті" - деді жергілікті констебль Райан Андерсон.
Полицейлер оқиға туралы әлеуметтік желіде хабарлама жариялағаннан кейін оған бірнеше кәсіпқой омарташылар хабарласып, көмектерін ұсынған. Олар оқиға орнына келіп, жәндіктерді жинауға көмектесті. Оқиғадан үш сағат өткен соң, кейбір шашыраңқы жәндіктер ұсталмаса да, аралардың көпшілігі жәшіктерге қайтарылды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті - алғашқыда жүкпен бірге жүрген омарташы бірнеше рет тістеп алған.