"Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің жұлдызы акулаға жем болды


«Кариб теңізінің қарақшылары: бейтаныс толқындар» фильмінде басты рөлді сомдаған серфер, құтқарушы және актер Тамайо Перри Гавайиде акуланың шабуылынан қайтыс болды.

Тамайо Перри. Фото: surfer.com

Перридің жыртылған денесі Оахудың солтүстік жағалауындағы Малаекахана жағажайынан табылды. Құтқарушылар оны реактивті шаңғымен жағаға шығарды, бірақ жедел жәрдем қызметкерлері серферді аман алып қала алмады.

Перри Оаху аралында дүниеге келген және әйгілі серфер және құтқарушы болды. Ол төртінші «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінде қарақшылардың бірін ойнады. Ол сонымен қатар «Көгілдір толқын» фильмдерінде және "Hawaii Five.0" телехикаяларында пайда болды. Гавайидегі Гонолулу қаласының мэрі Перриді «аңызға айналған жүзуші» деп атады және оның мұхит қауіпсіздігі департаментінде тамаша қызмет еткенін айтты.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше