1 млрд теңгелік үй аукционнан алынып тасталды

Әңгіме ҰҚК-нің бұрынғы басшысы және экс-Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үй туралы болып отыр.


Карим Масимов
Фото-коллаж: esquire.kz

18 сәуір күні “Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел ықшамауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйді электрондық сауда арқылы сату туралы хабарландыру жариялады. Нысанның бастапқы бағасы – 1 млрд 685 млн 115 мың теңге. 

Аталған басқарушы компанияның атына Астана қаласы әкімдігінен осы нысанды қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беру туралы ресми сұрау түскен.

“Әлеуметтік маңыздылығы мен заңнама нормаларын ескере отырып, нысан электрондық сауда жоспарынан алынып тасталды. Нысанды әрі қарай пайдалану жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешілетін болады”, – деп мәлімдеді “Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ЖШС.

Еске салайық, Қазақстанда бұрынғы ҰҚК басшысы және экс-Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үйді үшінші рет сату әрекеті жасалған болатын. Бұған дейінгі аукциондарда сатып алушылар тарапынан қызығушылық болмаған.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше