Ақкенттегі өрт: "Терезеден секіру қателік болды"


Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Ақкент» шағын ауданындағы өрт төңірегіндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Суретте оқиға орын алған көпқабатты үй

"Қиын жағдай болды. Мұндай жағдайда дүрбелеңге түспеу қиын болса да, балконға шығып, есіктерді мықтап жабуға болатын еді. Кеше көрдіңіз, ғимараттың қасбеттерінде мұндай қатты түтін іс жүзінде болған жоқ. Ғимараттың ішін қатты түтін басқан. Егер балкон есігін мықтап жабу мүмкін болса, таза ауамен қамтамасыз етіліп, құтқарушылардың көмегін күтуге болатын еді. Терезеден секірген адамдар қателесті. Тыныштық сақтауы керек еді. Біздің бөлімшелер келіп үлгерді, егер олар 20 секунд күтсе, есіктер ашылатын еді. Біз ішке кіріп, анасына құтқару қалпақтарын беріп үлгергенімізше, олар секіріп кетті. Егер шыдап, балконда тұра тұрғанда, осы екі қызды (марқұм мен оның зардап шеккен әпкесін) біздің өрт сөндірушілер де құтқарар еді», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерлан Әлібеков брифингте.

Сонымен қатар, ол «өрт қауіпсіздігі жүйелеріне тұрғындар да жауапты» екенін айтты. Тұрғын үйлерде түтінге қарсы қорғаныс ақаулары анықталды, апаттық шығулар қоқыспен толтырылған, дәнекерленген немесе жабылған, ал эвакуациялауға арналған баспалдақтарының жабу құрылғылары жоқ. Соның салдарынан 5-6 қабаттан шыққан түтін баспалдақтарға, дәліздерге тараған.

Екі қылмыстық іс қозғалды – өрт қауіпсіздігін бұзу фактісі бойынша және өртте адамның қаза болуы фактісі бойынша. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тергеу жұмыстарымен қалалық прокуратура жанынан құрылған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы айналысуда.

Өз кезегінде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қыздың өліміне және басқа да зардап шеккендерге қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Жедел жәрдем бригадасының мәліметінше, ол өрт кезінде 5-6 қабаттан құлаған.

"Емдеу кезіндегі әйелдің диагнозы: Кататравма. Қатарлас ауыр жарақат. Көптеген сынықтар. Жану өнімдерімен улану және 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Осы ауыр жарақаттардың салдарынан әйел көз жұмды", – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева.

Қайтыс болған қыз 1992 жылы туған. Марқұм №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізіліп, көз жұмды.

Қазіргі уақытта өрт салдарынан 49 адам зардап шеккені белгілі. 2 ересек және 15 бала стационарлық ем алуда. Қалғандары медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты. Тағы екі ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр: 35 жастағы әйел кататравма, қатар жүретін жарақат, көптеген сынықтар, екі өкпесінің контузиясы, жану өнімдерімен улану, 2-дәрежелі травматикалық шок салдарынан және 19 жастағы қыз бас сүйек-ми жарақаты, көптеген сынықтар диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, жансақтау бөлімінде бір бала жатыр, оның диагнозы айтылмады, жағдайы тұрақты.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше