Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ақылы жолдардың 2023 жылы қанша табыс тапқанын айтты.
Үкімет отырысында министр атап өткендей, биылғы жылдың 11 айында төрт ақылы саладан түскен кіріс 27 млрд теңгені құрады. Әңгіме республикалық маңызы бар Астана – Теміртау, Астана – Щучинск, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас автомобиль жолдарының учаскелері туралы болып отыр.
Қазақстандағы ақылы жолдардан қанша миллиард жиналды?
"Жиналған қаражат жол және жол бойындағы инфрақұрылымды, сондай-ақ ақылы учаскелердегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді күтіп ұстауға және қолдауға жұмсалады", - деп хабарлады ведомство.
Министр ұсынған инфографикаға сәйкес, 2024 жылы елімізде тағы төрт ақылы учаске ашылады және қазақстандықтар ақылы жолдармен жүру үшін 35 млрд теңге төлейді деп жоспарлануда.