Абай ауданында жоғалып кеткен сегіз жасар баланы іздеуге әскерилер қосылды


Төтенше жағдайлар министрлігі Абай ауданына сегіз жасар баланы іздеуге тікұшақ пен қосымша күш жіберіп жатыр. бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: polisia.kz

«Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша «Қазавиаспа» тікұшағы ұшып шықты. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып, іздеу жұмыстарына 10810 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылып, іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 74 адам, 17 техника, 20 ат жұмылдырылды. Оқиғаға қосымша жедел әрекет ету күштері де жіберілді», - делінген жексенбіде жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпан күні жергілікті тұрғындар Аягөз аудандық ішкі істер бөліміне 2015 жылы туған Иманғали Мерей Нұржанұлының ата-анасы кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектесуін сұрап хабарласқан. Туыстарының айтуынша, сағат 10.00 шамасында сегіз жасар бала атпен мал іздеуге кеткен. Бала кешіккен соң, алаңдаулы ата-ана оны өз бетінше іздей бастағанымен, нәтиже болмаған. Содан кейін олар полицияға хабарласқан, олар дереу іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшылары атап өткендей, іздеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындауда. Іздестіру жұмыстарына әскерилер де қосылды.